Украина армиясы тәулікте 810 оккупантты «Кобзонның концертіне» жіберді
КИЕВ. 4 ақпан. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте РФ армиясының 810 басқыншысын жаһаннамға аттандырды. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады.
Агенттік сондай-ақ 13 бронды жауынгерлік машина мен 31 артиллерия жүйесінің күлі көкке ұшқанын баяндады.
Ал «Кобзонның концертін» көруге «билет алғандар» саны тағы да мыңға жақындады. 2022 жылдың 24 ақпанынан бері олардың жалпы қатары қазір 388 750 адамға жетіп отыр.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы 24.02.2022 – 04.02.2024 аралығында жаудың техника жағынан мынадай шығындарға ұшырағанын атап көрсетеді:
– танкілер ‒ 6343 (өткен тәулікті – 2);
– бронды жауынгерлік машиналар ‒ 11818 (+13);
– артиллериялық жүйелер – 9331 (+31);
– БПЛА (дрондар) – 7173 (+12);
– қанатты ракеталар – 1848 (+1);
– автомобильдер мен автоцистерналар – 12393 (+41);
– арнайы техникалар – 1479 (+6).
Кең ауқымды соғыс басталғалы бері РФ оккупациялық армиясы сондай-ақ 979 РСЗО-сынан, 663 ПВО жүйесінен, 332 ұшағынан, 324 тікұшағынан, 1847 қанатты ракетасынан, 24 кемесі мен катерінен, 1 сүңгуір қайығынан айрылды.
Бас штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте майданда рашистермен 66 қарулы қақтығыс орын алған, олардың жартысы Авдеевка бағытында болған. Соның ішінде украин отан қорғаушылары Новокалинск мен Авдеевка маңында жаудың 27 шабуылының бетін қайтарған, Донецк облысының Первомайское елді мекеніне таяу жерде 3 шабуылын тойтара алған.
Бұдан бөлек, Херсон облысының Купряновск бағытындағы Синьковки және Ивановки селолары жанында орыс басқыншыларының 5 шабуылына төтеп берген.