Ресей билігі Украинадан ұрланған тағы алты баланы еліне қайтарды
МӘСКЕУ. 7 желтоқсан. Ресейдің басқыншы билігі Украинаның оккупацияланған аймағынан өзі ұрлап әкеткен мыңдаған балалардың тағы алтауын Киевке тапсырды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бүлдіршіндерді қайтарудың екінші кезеңіндегі бұл шара Халықаралық Қызыл крест комитетінің және Катардың араласуымен жүзеге асырылды. Кеше осы жайында Ресейдің балалар құқы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белова деп аталатын халықаралық деңгейдегі қылмыскер «Известия» газетінің тілшісіне осының жайын айтты.
Елдерінен зорлықпен әкетілген балалар Катардың Мәскеудегі елшісінде өз аналарымен қауышқан. Олар бұдан кейін Украинаға Беларусь арқылы жетті.
Бұл – Катардың қатысуымен өткен ұрланған балаларды қайтарудың екінші кезеңі. Биылғы қазан айында Украинаға төрт бала оралған болатын. Катар сондай-ақ оккупацияланған Мариупольден әкетілген Богдан Ермохин деген баланы қайтару жөніндегі келіссөзге де қатысқан. Екінші кезең 2023 жылдың сәуір айында басталған.
Украин билігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі ресми мәліметі бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан 19 546 бала Ресейге күштеп әкетілген. Алайда Ресей билігі украинның оккупацияланған ауданынан 700 мыңға жуық баланың депортация жасалғанын айтып отыр. Гаагадағы Халықаралық халық соты 2023 жылғы 17 наурызда Украина жерінен балаларды Ресейге заңсыз алып кеткендері үшін қанқұйлы қаныпезерлер Владимир Путин мен Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер жазып берген еді.