«Ресей әскерилері Халықаралық сот арқылы жазалануға тиіс»
Буча қылмысынан кейінгі алғашқы халықаралық реакция
ВАРШАВА. 4 сәуір. Ресей Қарулы күштерінің Киев облысындағы Буча қаласында жасап кеткен әскери қылмыстарына байланысты әлем қауымдастығының алғашқы реакциялары естіліп жатыр. Олардың бірқатарын түнде Беларусьтің оппозициядағы «Белсат» сайты жариялады.
«Украин әскерлері Киев облысын жаудан азат еткенен кейін оккупацияланған территорияда көптеген әскери қылмыстардың жасалғаны белгілі болып жатыр. Ресей әскері өзінен кейін өртенген қалалар мен елді мекендер, бейбіт тұрғындардың жүздеген мәйіттерін қалдырып кетті. Барынша сұмдық оқиғалар Бучада жасалды, қала шын мәнінде «мәйіттерден аяқ алдырмайды». Бейбіт тұрғындар арқасынан, желкесінен атылған. Олардың көбінің қолдары артқа қайырылып байланған. Әйелдер, балалар, қариялар..
Belsat.eu өз кезегінде бұл әскери қылмысқа қатысты жқрттың ойларын жинақтады.
Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресей әскерлерінің Бучадағы әрекеттерін батыл айыптап, бұдан кейін Украинаға қолдау көрсетудің арттырылатынын мәлімдеді.
«Буча суреттерін шімірікпей қарау мүмкін емес. Путиннің жазықсыз отбасыларын жойыа жібееріп жатқан тежеусіз зорлық-зомбылығында шек жоқ. Бұл әскери қылмысқа кінәлілер жауапқа тартылуға тиіс. Біз Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаны соғыста қорғануда қолдау көрсетететін боламыз»
Франция президенті Эмманюэль Макрон Бучадан түсірілген кадрларды «адам төбестік» деп атап, Ресей билігіне бұл қылмысы үшін жауап беруге тура келетінін айтты.
«Біз құрбандықтар үшін қайғырамыз, украиндарға тілектеспіз. Ресей билігіне бұл қылмысы үшін жауап беруге тура келеді», – деп атап өтті ол.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс «Украинаның Буча мен басқа да қалаларындағы айуандықтардан естен танып отырмын» дегенді білдірді.
«Ұлыбритания бұл әскери қылмыстардың Халықаралық қылмыстық сотта тексеріліп қаралуын қолдап, басқа мемлекеттермен бірге осыған байланысты айғақтар жинау жөнінде ынтымақтастық көрсетеді», – деді ол.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Стольтенберг соғысты жедел тоқтатуды талап етті.
«Еуропа бейбіт тұрғындарға қатысты мұндай зорлық-зомбылықты әлденеше ондаған жылдар бойы көрген жоқ. Мынау сұмдық. Бейбіт тұрғындары атып-асатын бұл секілді сұмдыққа мүлдем жол беруге болмайды. Мұның өзі бұл соғыстың жедел тоқтатылуы керек екенін кезекті мәрте көрсетіп отыр», – деп түйіндеді ол.
Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Ресей армиясының Киев облысында жасаған айуандық әрекеттерінен қатты теңселіп кеткенін білдірді.
Ол өзінің Твиттеріне: «ЕО Украина мен Үкіметтік емес ұйымдарға халықаралық сотқа беру үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмектеседі. Бұдан әрі Еуроодақтың санкция салуы келіп тұр», – деп жазды.
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен тәуелсіз тексеру жүргізіп, бұл қылмысқа кінәлілерді қатаң жауапқа тартуға шақырды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CNN эфирінде Ресей әскерлерінің «әскери қылмыс» жасағандарын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұны жасағандар жазасыз кетпейді.
Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецки: «Ресей оккупанттарының Бучада жасаған қылмыстарын геноцид деп атаған дұрыс және бұған, – тікелей немесе жанама, – қатысы бар әрбір адам қатаң жазалануы тиіс», – деп мәлімдеді.
Ал Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблонски НАТО және ЕО елдерін Украинада кезекті осындай құрбандықтардың орын алуына жол бермеу шараларын қабылдауға шақырды.
Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Бучада қылмыс жасағандарды жедел соттау керек екенін жеткізді.
«Мен Путиннің соғыс машинасы аштан қатуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын». – деп мәлімдеді Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон. Ол бұған қоса, Украинаға әскери көмек берудің күшейетінін айтты.
ГФР канцлері Олаф Гольц мұндай масқараға шыдап, қарап отыра беруге болмайтынын алға тартты.