Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

РФ-да «Шторм» содырларының қылмыстарын тексеру қолға алынды

МӘСКЕУ. 1 шілде. Ресейде Украинадағы «Шторм» және «Шторм Z» содырларының ауыр соғыс қылмыстарын тексеру шұғыл түрде қолға алынды. Бұл туралы ресейлік ресурстар деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Хабарланғандай, «Шторм» және «Шторм Z» бөлімшелерінің төрт содыры Запорожье облысында отбасылық жұпты өлтірді деген күдікпен қамауға алынған.

Пригожиннің қарулы бүлігінен кейін Ресей билігі кенеттен «оянып кетіп», бүлік кезінде «Вагнер» жеке әскери компаниясына қолдау білдірген Украинаның басып алынған территорияларындағы басқа бөлімшелердің жалдамалыларына назар аудара бастады.

Осылайша, Запорожье облысының Подгорное селосында маусым айында ерлі-зайыпты Юрий және Римма Вайноларды ермекке атып өлтірген «Шторм» және «Шторм Z» бөлімшелерінің төрт содыры тұтқындалды. Марқұмдардың денелерінен көптеген оқ жарақаттары табылған. Кейінірек учаскеден бұлардың бір жеңіл көлікті, бір жүк машинасын, 30 мың долларды, сондай-ақ зергерлік әшекейлерді ұрлап әкеткендері белгілі болды.

«Baza» телеграм-каналы жазғандай, тергеушілер «Шторм» және «Шторм Z» бөлімшелері құрамдарында бұрын сотты болғандар да бар деген күдік келтіріп отыр. Ұсталғандардың бірі – Хаджимурат У. тергеушілерге аталып отырған қылмысқа қатысқанын мойындап, ерлі-зайыпты жұп атып өлтірілген Ак-12 автоматын тыққан жерін көрсетті. Осыған байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оккупанттар кең ауқымды соғыс кезінде мұндай қылмыстарды мыңдап жасады, алайда РФ билігі қазір тек Кремльге қарсы шыққандардың ғана сондай қылмыстарына назар аудара бастады.

Бұдан бұрын Ресей телеграм-каналдары «Шторм» содырларының өз командованиесі бұйрықтары жөнінде шағым айтып жатқан үндеулерін жариялаған еді. Соның ішінде «Шторм Z» жалдамалылары өздерін «лақтырып» кеткен «Вагнер» ЖӘК басшысынан кек алатындарын айтып үлгерген. Олар сондай-ақ өздерін қаңырап тұрған құрылыс жанына қару-жарақсыз қалдырған командирлерінің әрекеттеріне наразы болып, майданның алдыңғы шебіне барудан бас тартқан болатын.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button