Фин парламентінің спикері Украина Радасында украин тілінде сөйледі
КИЕВ. 26 қараша. Финляндия парламентінің спикері Юсси Халла-ахо Жоғары радада сөйлеген сөзін түгел украин тілінде жеткізді. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Европейская правданың» мәліметінше, Юсии Хала-ахо сенбі күні Радада Еуропаның алты елінің спикерімен және НАТО парламенті ассамблеясының президентімен бірге сөз сөйлеген. Бір таңқаларлығы, Хельсинкиден келген қонақ ойын таза украин тілінде айтып шыққан.
Суоми парламентариі өз сөзін 1939 жылы Финляндия, тап қазір Украинаның бастан кешіп жатқанындай, импершіл КСРО-ның шабуылына тап болғанын айтудан бастады. Айтуынша, 2022 жылғы 24 ақпанда финдер бірден сол басқыншылық соғысты еске түсірген. Ол сондай-ақ «қырғи-қабақ соғыс» әлдеқашан аяқталғанына және зұлымдықтың ошағы болған Кеңес Одағының тарағанына қарамастан, Ресейдің түк те өзгермегеніне өкініш білдірді.
«Ол (Ресей – ред.) сол кезде де дәл қазіргідей халықаралық құқықты да, өзінің міндеттерін де құрметтеген жоқ еді. Ол өзінің де, өзгенің де өмірлерін бағаламайды. Ол өз көршілері кімдер болатынын өзім таңдап алуға және тіпті олардың өмір сүру-сүрмеуі мәселесін өзім шешуге құқығым бар деп есептейді. Ресей тек күшті ғана сыйлайды. Сондықтан Ресей империализміне күшпен жауап қайтару керек», – деп атап өтті Юсси Халла-ахо.
Спикер Украинаның РФ оккупациялық армиясына жанқиярлықпен қарсы тұрып, тайсалмай шайқасуы Финляндияға күш бергенін баяндады.
Ол Финляндияың Украинаға осы уақытқа дейін әскери көмектің 20 пакетін бергеніне тоқталды, алдағы уақытта да мұндай көмек қаншалықты қажет болса, соншалықты берілетін болады.