ХЕЛЬСИНКИ. 27 қазан. Финляндияда Ресей азаматтарының бұл жақтан жылжымайтын мүліктер сатып алуларына тыйым салынды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бірақ бұл тізімге Қазақстан азаматтары да кіріп отыр.
Финляндияның қорғаныс министрі Еуропа одағы мен Еуропа экономикалық аймағынан тыс елдердің азаматтарының, соның ішінде ресейліктердің 11 түрлі жылжымайтын мүлікті сатып алуларының жолын кесті. Ресей мен Беларусь азаматтарының жылжымайтын мүлік сатуына тыйым салу осы жазда күшіне енді.
Бірнеше ай бұрын енгізілген ресейліктер мен беларусьтіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуына тыйым салу аясында Финляндия билігі бірнеше байланысты мәмілелерді бұғаттады. Қорғаныс министрі Антти Хеккенен Еуропа одағы мен Еуропа экономикалық аймағынан тыс елдерден келген шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуына 11 өтінімді қабылдамады. Мұны финнің Yle қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдары 27 қазан, дүйсенбі күні Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып жеткізді.
«Жылжымайтын мүлік гибридті ықпал құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан біз біздің бағалауымыз бойынша ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі және елдің қорғанысын ұйымдастыруға кедергі келтіруі мүмкін мұндай мәмілелерді қабылдамаймыз», – деді фин министрі. Ол сондай-ақ жылжымайтын мүлікке лицензия беру жүйесін және оларды бұғаттау мүмкіндігін, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь азаматтарының жылжымайтын мүлік сатып алуына толық тыйым салуды «бұл мәселені шешудің тиімді құралы» деп сипаттады.
«Әлеуетті сатып алушылардың қатарында Ресей, Израиль, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болды және олар мүлікті бизнес, орман шаруашылығы, тұрғын үй пайдалану, демалыс және басқа да мақсаттар үшін сатып алуды көздеген», деп түсіндірді Yle.
Финляндияда Ресей мен Беларусь азаматтары үшін жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауға тыйым салу 2025 жылдың 15 шілдесінде күшіне енді. Финляндия үкіметі жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсаттар басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығын бұзатын және Финляндияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін елдердің азаматтарына берілмейтінін мәлімдеді.
Қорғаныс министрі Хеккенен жаңа ереже елдің қауіпсіздігін нығайтуға және кез келген ықпал ету әрекеттеріне қарсы тұруға бағытталғанын түсіндірді.
USD




