26 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін «Милан» сапында 15 жасар ойыншы «Фиорентинамен» матчқа қатысты

26 Қараша 2023 14:01
- Жаңалықтар, Сайыс
Бүгін «Милан» сапында 15 жасар ойыншы «Фиорентинамен» матчқа қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИЛАН. 26 қараша. Бүгін түнде Миланда жергілікті «Милан» және «Фиорентина» арасындағы матчқа 15 жасар Франческо Камарда тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл туралы Sport Mediaset дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кездесу Италияның А сериясының 13-турында Миланның «Миланы» мен Флоренцияның «Фиорентина» командалары арасында өтті. Ол 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Сан-Сиро» стадионында өткен ойынның 45+2-минутында миландық Тео Эрнандес өз командасына пенальти алып берді, оны және өзі дәл түсірді.

Алдыңғы шептегі ойыншылардың көбі жарақаттанып қалулары мен дисквалификация алулары себебінен «Миланның» бас жаттықтырушысы Стефано Пилоли шабуылдың орталығына тек Лука Йовичті ғана қоя алды. Ал 15 жасар Франческо Камарда осыған байланысты құрамға шақырылды.

Жасөспірім кездесудің 82-минутында Йовичті алмастырды.

Камарда осы кезге дейін жасөспірімдер деңгейіндегі 89 матчта 485 гол соққан екен! Ол биылғы жазда «Миланның» 19 жасқа дейінгі командасы құрамына шақырылыпты. Содан бері ұжым сапында барлық турнирлердегі 13 матчқа қатысып, 7 гол соғыпты және 2 нәтижелі пас беріпті.

Бұған дейін итальянның А сериясындағы ең жас ойыншы рекорды «Болоньяның» қорғаушысы Уиздома Амейге тиесілі болып келіпті. Ол 2021 жылдың мамыр айында команданың «Дженоамен» ойынына 15 жастан 274 күн асқанда шығыпты. Бірақ алаңда екі минуттай ғана болған, содан кейін А сериясында ойнамаған.

Ал Камарда қазір 15-тен сегіз ай, яғни 240 күн асып отыр. Ол ойыннан кейінгі қосымша уақытты қосқанда, алаңда 15 минут болған. Осы уақыттың ішінде аяғын бірнеше рет қана допқа тигізіп үлгерген, себебі, матч соңына қарай «Милан» бүкіл команда болып қорғанысқа көшіп, жеңісті есепті әупірімдеп сақтап қалған. Тіпті ең соңғы минутта Майк Меньян қонақтар сапындағы Мандрагора тепкен допты қақпадан бірнеше метр жерден әрең қайтара алған.

Суретте: Франческо Камарда

Таңбалар: МиланрекордФранческо Камардафутбол

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist