Ердоған Израиль премьері Нетаньяхуды есептен шығарып тастағанын айтты
АНКАРА. 5 қараша. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен байланыс жасауды тоқтатқанын баяндады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Түрік лидері Израиль армиясының (ЦАХАЛ) Газа секторында бейбіт тұрғындарға қарсы айуандық әрекеттерін бастағаннан кейін бұл елдің үкімет басшысымен барлық коммуникациялық байланыстардың тоқтатылатынын жариялады. Ердоғанның мәлімдемесі Израильдің ХАМАС-қа қатысты пікіріне қарай Анкарамен қарым-қатынасты қайта қарайтынын айтып, доқ көрсеткеніне бір аптадан кейін тарады.
«Нетаньяху енді біз үшін сөйлесуге болатын адам емес. Біз оны есептен шығарып тастадық», – деді Ердоған.
Израиль бұдан бұрын қауіпсіздік шарасы ретінде Түркиядағы барлық елшілерін қайтарып алған еді. Бұл Ердоғанның Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы Палестинаға қолдау көрсетуге арналған митингіде сөйлеген сөзінде Израиль билігін «соғыс қылмыскерлері» деп атағанынан кейін орын алды.
Кеше, 4 қараша күні Түркия өзінің Тель-Авивтегі елшісін Газа секторындағы ұрыс қимылдары жөнінде ақылдасу үшін Анкараға шақыртып алды.
Сонымен бірге Түркия президенті Израильмен дипломатиялық қатынастың үзілмейтінін айтып отыр. «Байланысты толық үзу мүмкін емес, әсіресе, халықаралық дипломатияны», – деді ол.
Алайда, деп мәлімдеді Ердоған, барлық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершіліктің бәрі бірінші кезекте Нетаньяхудың мойнында. «Оған ендігі керек нәрсе тек – кері шегініп, бұл қадамын тоқтату», – деп есептейті түрік лидері.