Сарапшы Путиннің Орда жайлы әңгімесіндегі оралымсыздықтарды атап көрсетті
КИЕВ. 5 қараша. РФ диктаторы Владимир Путиннің бұдан бірер күн бұрын Алтын орда мен оған бағынышты Ресей арасындағы әңгімесіндегі жалғандық пен сәйкессіздіктер сарапшылардың сынына ұшырады. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Әңгіме барысында диктатор өзін орыс кінәзі Александр Невскиймен теңестіріп, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктерінің бәрін ақтап алмаққа тырысады. Осындай тұжырым білдірген ресейлік аналитик және блогер Анатолий Несмиян Кремль қожайынының тарих жөнінен мүлде сауатсыз екеніне оқырман назарын аударады.
«РФ диктаторы Владимир Путин өзінің жанжалға толы жалған тарихи мәлімдемесінде 13-ғасырда Александр Невский Ресейді зұлым батыстың шабуылынан қорғап қалу үшін Ордаға бағынды деп соқты. Оның сөздері – психологиялық жағынан ауытқу бар адамның кәлимасы», – деді сарапшы.
Блогер Анатолий Несмиян диктатордың шындыққа еш жанаспайтын псевдотарихи мәлімдемесін «түкке тұрғысыз сандырақ» деп атады. Ол, біріншіден, Новгородтың кінәзі Александр Невскийдің Алтын Орда ханы Бату щшапқыншылық жасағаннан кейін оған бағынуға өзі мәжбүр болғанын айтты. Екіншіден, бірнеше жеке кінәздіктерден құралған орыс жерінде ол кезде ешқандай да Ресей болған жоқ. Сондықтан ол барлық кінәздіктердің амандығына кепіл бола алмайтын еді. .
Ал Александрдың өзі Ордаға әлдеқандай бір мифологиялық «орыстың ұйтқысы» болу үшін емес, өзінің қарақан басының амандығы үшін бағынды. Тарихқа жүгінсек, 1237-1238 жылдардың қысында Бату армиясы Рязань, Владимир, Суздаль кінәздіктерін талқандап шығады. Бірақ Новгородқа дейін жетіп үлгермейді. Себебі, сол кезде жасы он алтыдағы, кейін Невский атанатын Новгород билеушісі Александр Ярославович оған өзі барып, дәргейіне жағылып, бағынышына кіреді.
«Шамасы, біздің тарихи-теңіз жаяу әскерінің 4-ші разрядты ағаш ұстасы тарихи деректі пайдаланар алдында ақыр соңына дейін бәрін ақпа құлағына құйып алмаған болып шықты-ау, өйткені, бұл жолы бұрынғысынан бетер лағып кетті», – деген пайым айтты Несмиян.
Оның айтуынша, Путиннің мәлімдемесінің тарихқа тікелей қатысы жоқ, ол психология саласына дөп келеді.
Жақында Владимир Путин өзінің Украинаға соғыс ашуының себебін бұған дейін айтып келгендеріне мүлде үйлеспейтін төңіректен іздестіріп, шат-шәлекей болды.