Армения елде Ресей пропагандасының тарауына тыйым салуды бастады
ЕРЕВАН. 6 қазан. Хайастан (Армения) билігі өз елінде Ресейдің мемлекеттік насихаты тарауына тыйым салуға дайындыққа кірісіп кетті. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Армения телевидениесі мен радиосы құрған комиссия Ресей телеарналарының, атап айтқанда, «РТР-Планета» мен «Первый канал всемирная сеттің» хабар таратуда тәртіп бұзушылыққа барып жүргендерін анықтады», – деп атап өтті Sputnik-ке берген сұхбатында ведомство басшысы Тигран Акопян. Оның айтуынша, елде ресейлік бірқатар телеарналардың ток-шоулары мәселесі көтерілген екен.
Бұдан бұрын билеуші «Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Лусине Бадалян «армянға қарсы контенті» үшін ресейлік телеарналардың елде таратылуын тоқтатуды ұсынған болатын.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Арменияда ресейлік телеарналар хабарларын таратуғы тыйым салуға ынта білдіріліп жатуы АҚШ-тың Еревандағы елшілігі әрекетінің нәтижесі деген сандыраққа басып отыр.