Қазақстандық сайқымазақ Ресейге 50 жыл бойы кіре алмайтын болды

МӘСКЕУ. 6 ақпан. Қазақстандық белгілі стендап-сайқымазақ Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға дейін кіруге тыйым салынды. Бұл туралы The Voscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ билігі Украинадағы соғысты сынағаны және көші-қон тәртібі мен салық заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан азаматы, орыс тілді белгілі стендап-комик Нұрлан Сабуровты 50 жылға дейін Ресейге кіре алмайтындай шешім шығарды.
«РИА Новости» агентті шешімнің 30 қаңтар күні құқық қорғау органдарында қабылданғанын жария етті. Ол елдің «ұлттық қауіпсіздігі, заңнаманы сақтау мен дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мүдделеріне сай» қабылданған болып шықты.
Shot ресурсы Сабуровтың 6 ақпанға қараған түнде өзі жарнамалық түсірілімдерге түскен Дубайдан Мәскеудің «Внуково» аэропортына ұшып келгенін жазды. Ал әуежайда ол паспорт бақылау бекетіне апарылып, Ресейге кіруге тыйым салынғаны жеткізілген. Арнаның мәліметі бойынша, бұған дейін қазақ сайқымазағының Ресейдің бірнеше қаласында өтетін болып алдын ала хабарланып қойылған концерттерінің бәрі тоқтатылған. Ұйымдастырушылар мұны «алынбайтын кедергілердің» салдарынан болып жатқанын баяндаған. «РИА Новости» сондай-ақ Сабуровтың Ресейде құны 117 млн рубль тұратын мүлкі бар екенін, оның «Ресейде тапқан ақшаларын делдалдар арқылы шығарып алмақ» болып әрекет етіп жатқанын атап өтті.
Агенттіктің әңгімешісі сондай-ақ әртістің Ресей азаматтығын алуға келіспегенін, себебі, «санкциялардан қорқатынын» мәлімдеді.
Сабуров – қазақстандық және ресейлік танымал стендап-комик және жүргізуші. Ол ТНТ телеарнасындағы StandUp шоуының резиденті және YouTube-тағы «Что было дальше?» шоуын жүргізу арқылы танымалдылыққа қол жеткізді.
Mash ресурсының хабарлауынша, Сабуров қолына кісен салынып, БАЭ-не міндетті жағдайда мәжбүрлеп қайта жіберілуіне келіспей, Алматыға ұшатын ұшаққа билетті өзі сатып алды.






