Түркия Ресейдің қатысуынсыз Украина жөнінде келіссөз жүргізбекші
АНКАРА. 6 қазан. Түркия билігі Украинадағы соғыс жанжалын реттеу жөнінде үлкен халықаралық кездесу өткізуге құмбыл болып отыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оған әртүрлі елдер басшыларының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері, соның ішінде Ақ үйдің өкілі Джейк Салливан қатысады деп күтілуде. Олар Украинада «мызғымас бейбітшілікке қол жеткізу идеясын» талқылап, Үндістан мен Латын Америкасы елдерін Киев жағына біржола шығуға көндіруге тырысады.
Мәнбелер мәліметтеріне қарағанда, түрік тарапы кездесуге Ресей өкілін шақыруды жоспарлап отырған жоқ. Анкара сонымен бірге қатысушылар арасында Қытайдың болғанын қалайды. Бірақ бұл мәселеде әлі ортақ консенсус болған жоқ.
Кеңесу барысында тараптар Украина биыл жылдың соңында өткізбек болып отырған бейбітшілік саммиті, онда күн тәртібіне қойылатын украин президенті Володимир Зеленьскийдің «бейбітшілік формуласы» мәселелері де талқыланады. Онда негізінен Ресей әскерлерін Украина территориясынан толық шығару, елдің территориялық тұтастығын қалпына келтіру және тұтқындарды қамаудан босату қарастырылады.