Ереванда Пашинянға қастандық жасалды, күдіктілер ұсталды

ЕРЕВАН. 29 наурыз. Армения премьер-министрі Никол Пашинянға бүгін қастандық жасағандар ұзамай қолға түсті. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Армения құқық қорғау органдары Еревандағы Әулие Анна шіркеуінде премьер Никол Пашинянға қатысты орын алған инциденттен кейін үш адамды ұстады», – деп жазды «Sputnik-Армения» агенттігі.
«Қамалған үш ер кісі қызметтік және саяси лауазымды тұлғаға қарсы бұзақылық әрекеттер жасады және ісіне араласты деп айыпталып отыр», – деп баяндады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұсталғандар, сондай-ақ осыған сәйкес құжаттар республика тергеу комитетіне өткізілді.
«Оқыс оқиға 29 наурыз, жексенбі күні таңертең Еревандағы Әулие Анна шіркеуінде құдайға құлшылық ету кезінде тіркелді. Премьер храмнан шығып, келушілердің арасымен кетіп бара жатқан кезде олардың бірі күзетшіге: «Маған бұлай қарама!» деп айқайлаған. Келесі келуші Пашинянды арт жағынан келіп ұруға әрекет жасаған. Премьердің келгеніне наразылық білдіргендерді сүйреп әкетпек болып жатқандарға үкімет басшысының өзі: «Тынышталыңдар» дегенді білдірген», – деп баяндады News.am ресурсы.
Орын алған инцидентке байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі «бұзақылық» болса, екіншісі «лауазымды тұлғаның қызметтік немесе саяси іс-әрекетіне араласу» деп аталады.
Айтқандай, ұсталғандардың екеуі мектеп жасындағы егіз балалар болып шықты.






