ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Джеки Чан коронавирус күдігімен карантинге жатқызылды
ТБИЛИСИ. 26 ақпан. Белгілі актер және кинорежиссер Джеки Чан коронавирус жұқтырып алды деген күдікпен карантинге жатқызылды. Бұл туралы «Спутник Грузия» хабарлады.
Атап өтілгендей, Гонконг актері осындағы жеке кештердің бірінде коронавирус жұқтырып алуы әбден кәдік еді. Сол кеште коронавирус табылған 48 жастағы бір полиция қызметкері де болған. 65 жастағы артист тап соған байланысты тексеруге жатқызылған.
Ескерте кетейік, Джеки Чан коронавирустан емдейтін дәрі ойлап шығару үшін бір млн АҚШ доллары көлемінде қаражат беруге уәде еткен болатын.