Адам үшін ең жағымды жұпар иіс неде?
КАНБЕРРА. 26 ақпан. Австралия ғалымдары ересек адамдар үшін ең сүйкімді, тартымды, жағымды жұпар иістің неде екенін анықтады. Бұл туралы Med-heal.ru хабарлады.
Әлемде мұндай иістің түрі көп. Жаңа наубайдан немесе табадан алынып жатқан ыстық нанның иісі, таңғы шық кезіндегі шөптің иісі, жаңбырдан кейін бусанып жататын қара жердің иісі, – бұлардың бәрінен аңқитын әсерлі жұпар иіс адам баласын тебірентіп жібереді. Бірақ бұлардың арасында шын мәнінде адамдардың бәріне ұнайтын бір иіс бар. Портал мұны дымқыл қара жердің иісі екенін жазады.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері қарай Австралия ғалымдары жердің иісінің адамдардың басым бөлігіне не себепті ұнайтынын зерттеп келеді. Олар бұл иістің петрикор, яғни жаңбырдан кейінгі қара жердің иісі екенін баяндайды. Бұл термин гректің petra және ikhor деген «тас» және «құдайлар қаны» деген екі сөзінен құралады.
«Бұл иіс судың әрекетімен топырақ астындағы бактериялардың өңдеуімен пайда болатын «геосмин» деген ұғымға сәйкес келеді. Адамның иіс сезу сезімі миллиондаған жылдар бойғы эволюцияның әсерімен жерге жақын болуға қалыптасқан. Соның ішінде дымқыл жерді жақсы көреді. Мұндай ылғал жерлердің астында су да жақында жатады. Бұл адамның тіршілік етуі үшін ауадай қажет нәрсе. Осылайша адам баласы дымқыл қара жердің иісін қатты ұнатуға қалыптасқан», – дейді ғалымдар.