Пригожиннің бейітіне оның тұрпаттасы Красавиннің әйелі келіп кеткен – БАҚ
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 31 тамыз. «Вагнердің» құрылтайшысы Евгений Пригожиннің бейітіне ертеңіне оның тұрпаттасы Красавиннің жұбайы келіп кеткені жайлы ақпар пайда болды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осы тұста Ресейдің ТГ-каналы журналистер Пригожин мен оның тұрпаттасы Красавиннің әйелдерін «шатастырып» алған деген пікір таратты.
Ал «База» телеграм-каналының авторлары «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин жерленген күннің ертесіне моласына өз отбасының мүшелері ғана емес, сонымен бірге оның тұрпаттасының әйелі де келіп кеткенін атап өтті.
Олардың пікірлерінше, аталмыш оқиғаны суреттеп жазған журналистер Ирина Красавинаны Пригожиннің жесірі Любовь Пригожина деп ойлап қалған сияқты.
«Тіпті ЖӘК басшысы өзінің өлімінен кейін жұрттың бәрін шатастырып қойды. «Базаның» мәліметі бойынша, Пригожиннің қызымен бірге молаға«Вагнер» қожайыны тұрпаттастары арасындағы ең белгісі Леонид Красавиннің әйелі Ирина Красавина да дұға оқу үшін келген», – деп атап көрсетті ТГ-канал авторлары.
Бұдан шығатын қорытынды: бейітті Пригожин емес, Леонид Красавин жатқан. Христиан үрдісі бойынша, адам жерленгеннен кейін күні оның ең жақын-жуықтары зиратқа келіп, дұға оқып кетеді.
Дегенмен бұл болжамдармен келіспейтіндер бар. Айталық, The Moscow News өз кезегінде: «Біз мұны шындық немесе өтірік деп, бірден кесіп айта алмаймыз, бірақ бір нәрсені анық білеміз: Пригожиннің «ең белгілі тұрпаттасы» Красавинді оның тұрпаттасы деудің өзі қиынға түседі. Оған қарағанда, Рим папасы Франциск Пригожинге көбірек ұқсас», – деп жазаы.
Сонымен бірге ұшақта Евгений Пригожинге ұқсас адам жойып жіберілген немесе ол бұрын өлтіріліп, мәйіті лайнерге апарып қойылған деген версия да айтылып қалады. Қалай дегенде де, «Вагнер» тобы басшысының өлімі жайлы қауесеттер мен пікірлер енді бұдан әрі көбейе түспесе, азая қоймасы анық.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Евгений Пригожиннің әйелі мен қызы бейіт басында болғаны баяндалды, олардың суреттер мен видео интернетте де көрінді.
Бұдан басқа. Ресей БАҚ-тары Пригожиннің қандай жағдайда жер қойына берілгенінен де хабардар болды. Ал оны құпия жерлеуге РФ президенті Владимир Путиннің өзі пәрмен берген көрінеді. Ол мұның «отбасының сұрауы» бойынша жасалғанын да айтты.