АҚШ: Спутник Пригожин ұшағына ракетамен соққы берілмегенін көрсетті
УАШИНГТОН. 25 тамыз. Спутник ресейлік «Вагнер» компаниясынының құрылтайшысы Евгений Пригожин ұшағын әуе қорғанысы күштері атып түсірмегеніне айғақ беріп отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ-тағылар Пригожиннің ұшағы ракетамен атып түсірілген деген болжамның шындыққа жанаспайтынына спутниктік барлаудың түсірілімдері арқылы көз жеткізді.
The New York Times газеті хабарлағандай, спутникте зымыранның ұшып шыққанын көрсететін кадрлар тіркелмеген болып шықты.
Financial Times басылымы апаттың алғашқы сағаттарында батыс шенеунігінің мәнбесіне сүйеніп, Ресей ПВО-сы атып түсірген деген версияны таратқан еді. «Арада бір тәулік өткеннен кейін бұл болжамды АҚШ шенеуніктері де қайталады», – деп жазды Reuters.
Бірақ спутник жазбалары тексеріліп шыққаннан соң бірінші беткейге ұшақ іштен жарылған деген ұғым шықты.
«Қазіргі мезетте ұшақты «жер – әуе» ракетасы атып түсіргенін көрсетіп беретін нақты ақпар жоқ», – деді Пентагонның ресми өкілі Патрик Райдер.
«Ал Пригожиннің тағдырына келсек, «көптеген факторларға сүйене келгенде, оның арнайы өлтірілгенін» болжауға негіз бар», – деді Райдер сосын. «Батыс және америкалық шенеуніктер Пригожиннің көзін жою жөніндегі бұйрықты Путин берген» деген болжамды ұстанып отыр», – деп атап көрсетті NYT.
Пригожиннің бүлігі маусым айының соңында болды. Оның армиясы Ростовты басып алып, Мәскеуге қарай жол тартты. Жолай бірнеше облыстың территориясын басып өткен, қорғаныс министрлігінің ұшақтарын атып түсіріп, бірнеше әскери қызметкерді өлтірген «вагнершілер» Кремльді қалаға жақын келіп, Путиннің зәр-иманын алды. Тек араға бітімгерлер түсуімен жорығын тоқтатты.
Батыс барлауы мен әскери қызметкерлері Путиннің жауап қайтаратынын сол кезде-ақ айтқан болатын. Алайда бұдан кейін Пригожиннің Ресей қалаларында емін-еркін жүруіне қарап таң қалысқан. «Оның екі ай бойы неліктен еркін жүргені, енді келіп жойып жіберілгені түсініксіз қазір». – деп жазды осы күндері FInancial Times.