Пригожин тірі, ол қазір Путиннен кек алуға әзірленіп жатыр – Daily Mail
ЛОНДОН. 30 тамыз. Ресейлік саясаттанушы Валерий Соловей «Вагнердің» қожайыны Пригожиннің тірі екенін, енді ол өз тұрпаттасын өлтіргені үшін Путиннен кек қайтаруға дайындалатынын айтты. Бұл туралы Daily Mail ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Путин жай тірі ғана емес, ол сонымен бірге өзінің тұрпаттасының өлімі үшін Путиннен кек алуға кіріскелі отыр», – деді Соловей кеше Пригожиннің жаназасы шығарылып қойылғанына қарамастан.
Кеше, 29 тамыз күні Daily Mail басылымының журналистері Пригожиннің тірі екенін, оның Путиннен кек қайтаруға дайын болып отырғанын баяндайтын мақала жариялады.
Британиялық журналистер өз мақалаларында саясаттанушы Соловейдің сөзіні сілтеме жасайды. Ол сондай-ақ өзінің сөзін Пригожиннің ұшағы іштен жарылмағанынан, сырттан атып түсірілгенінен бастайды.
Пригожиннің көзін жою жөніндегі операцияны жоспарын РФ арнайы қызметі жасап, Путиннің өзіне бекіттіріп алған. Алайда, Соловьевтің айьуынша, сол күні бортта Пригожин болмаған, оның орнына өзінің тұрпаттасы отырған.
Саясаттанушы қыркүйекте Пригожиннің қай елде екенін анық айтып бере алатынын жеткізді. Оның жылдың соңында өзінен хабар беріп қалуы да әбден мүмкін.
Соловей «Вагнер» құрылтайшысының қайда жүргеніне қарамастан, кек алудың жоспарын түзетініне сенімді. Бірақ саясаттанушы Пригожиннің орнына тұрпаттасын жіберіп, өзінің жақын серіктерінің қаза табуларына неліктен жол беріп қойғанын түсіндіріп бере алмады.
«Енді Пригожиннің тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге басқа достары, соның ішінде ұшақ апатында қаза тапқан қаруластары үшін кек қайтаратынын қаперден шығаруға болмайды. Пригожиннің құны 1,6 миллиард фунт стерлингтік биткоины бар. Ол тап осы ақшаларды Кремльге соққы беру үшін жұмсайды», – деді Соловей.
Оның айтуыгша, қазір Путиннің өзі де айтарлықтай ауыр хәлдегі науқас, ол барлық басты іс-шаралардың бәріне тұрпаттастарын жіберіп тұрады.
Айта кету керек, Пригожиннің бүлігі ақырына жетпей аяқталғаннан кейін желіде оның тұрпаттастарының суреттері пайда бола бастаған.
Әңгіме әртүрлі аттар жазылған жалған паспорттар туралы болып отыр, олардың бірқатарында Пригожин шаш, сақал, мұрт жапсырып алып түсіпті.
Дегенмен, Ресей тергеу комитеті ДНК анализі Тверь облысының аумағында апатқа ұшыраған ұшақ бортында Пригожиннің өзі болғанын көрсетті дегенді айтып отыр.
«Вагнердің» қожайыны деп көрсетілген мәйіт кеше жер қойнына берілді. Кейбір деректер бойынша, ол Санкт-Петербургтегі Пороховское бейтіне қойылған көрінеді. Бірақ оны жерлеу рәсімі барынша құпия жағдайда өткізілді. Мұны билік «туған-туыстарының өтініші» деп түсіндірді.
Пороховское мазаратында Пригожиннің әкесі жатыр. Тағы бір мәнбелер жерлеу рәсімінің шығындарын Пригожиннің анасы көтергенін айтады.