Қытай Ресейге астыртын дрондар мен бронды желеттер жеткізіп беріп тұр
КИЕВ. 25 шілде. РФ-ның Украинадағы басқыншылық соғысын аяқтау жөнінде ұран көтеріп жүргенімен, Қытай Ресейге дрондар мен бронды желеттер үшін керекті тепловизорды астыртын жеткізіп беруін қояр емес. Бұл туралы «Politico» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қытай бейбітшілікке шақыруға белсене араласып жүргеніне қарамастан, соңғы жылы Ресеймен арадағы екі мақсатты тауарлар саудасын күрт арттырып жіберді, атап айтқанда, Мәскеуге РФ үшін санкция салынуы салдарынан қолжетімсіз болып қалған батыс технологияларын алып тұруға көмектесіп отыр», – делінген «Европейская правда» хабарламасында.
Кедендік мәліметтер негізінде бұған көз жеткізген «Politico» агенттігі биыл Ресейдің Қытайдан 100 миллион доллардан астам сомаға дрондар сатып әкелгенін атап өтті. Бұл – Жөңгенің Украинаға жіберген ұшқышсыз ұшақтары санынан 30 есеге көп.
Сол сияқты РФ-ның бронды желеттерде пайдаланылатын компенттерінің бірі – қытай керамикаларын тасымалдауы 69 пайызға артып, 225 миллион долларға барған. Ал Бейжіңнің Киевке керамикасы көлемі 61 пайызға дейін түсіп кеткен, ол бар-жоғы 5 млн долларды құрайды.
Қытайдың екі мақсаттағы тауарлары Ресейге тек осы сауда операциясы үшін ғана ашылатын бір күндік компаниялар арқылы жеткізіледі. Мысалы, штаб-пәтері Бурятияда орналасқан «Сильва» компаниясы 2022 жылы қыркүйекте ашылып, Шанхайдағы Shanghai H Win зауытынан 100 мың дана бронды желет пен каска алғасын, жабылып қалған.
Жөңгенің беспилотник жасап шығаратын DJI компаниясы өз өнімдері «Украинадағы ұрыс қимылдарына белсене қатысып жатқаны белгілі болғасын» Ресеймен байланысты шорт үзгенін баяндаған еді. Алайда «Politico» көп ұзамай DJI дрондарының Ресейге Гонконг арқылы тоқтаусыз барып жатқанын анықтап, көп ұзамай мұның өтірігін шығарды.
Өткен аптада Франция президентінің кеңесшісі Эмманюэль Бонн Қытайдың Ресейге Украинадағы соғысы үшін белгілі бір көлемде көмек беріп келе жатқаны Парижге белгілі екенін мәлімдеген болатын.
Басылым атап өткендей, Қытай мен Ресей арасындағы бронды желет, дрон және жылытқыш (тепловизор) секілді екі мақсаттағы тауарлар саудасы қазір Батыс санкцияларының олқы тұстарын да айғақтап көрсетіп беріп отыр.