Сыр бойында кәсіпкерлікті дамыту жобасы жанданып келеді
Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету жолға қойылған. Сол көштің алдыңғы қатарында Шиелі ауданы келеді.
Ауданда 2 228 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік грант, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісім шарты, «Күміс жас») тартылған.
Шиеліде 2023 жылы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыруға субвенциялар есебінен 1 млрд 501 млн 61 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 58 млн 919 мың теңге, жалпы 1 млрд 559 млн 980 мың теңге қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылдың 6 айында игерілген қаржы көлемі 779 млн 683 мың теңге болып отыр.
Бөлінген қаржы шегінде биыл жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында 55 жұмыссызды кәсіптік оқыту, бизнес-идеяларды дамытуға 149 адамға қайтарымсыз гранттар беру және 35 жасқа дейінгі 20 жасқа 2,5 пайызбен және жастардан басқа топтағы 75 азаматқа жеңілдетілген несие беру жоспарланған болатын.
Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес business.enbek.kz электронды ақпараттық порталы арқылы қабылданған өтінімдер негізінде Шиелі ауданында бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес 74 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде (1 380 000 теңге) қайтарымсыз гранттар беріліп, өз кәсіптерін ашуда.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (skills.enbek.kz) 673 азамат онлайн түрде оқып, сертификаттарын алды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 азаматты жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 9, 2023 жылы жолданғаны 51) уақытша негізде жұмыс жасауда.
Жастар практикасына 390 азаматты жолдау жоспарланып, 362 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 295, 2023 жылы жолданғаны 67) уақытша негізде жұмыс жасауда. Жалпы, келісімшарт мерзімі аяқталған 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 791 азаматты жолдау жоспарланып, 968 азамат әр түрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, сақшы-сарбаз, бақташы жұмыстарына жолданып, жұмыс жасауда. 46 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ұрпақтар келісімшарты жобасына 3 азаматты жолдау жоспарланып, қазіргі таңда 1 азамат уақытша негізде жұмыс жасауда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 98 азаматты жолдау жоспарланып, 36 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 18, 2022 жылы жолданғаны 18) жоба шеңберінде жұмыс жасауда. Жобаның талаптарына сәйкес жолданған азаматтар 18 ай мерзім аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. «Күміс жас» жобасына 42 адамды жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 16, 2022 жылы жолданғаны 44) жоба шеңберінде жұмыс жасауда.
2023 жылы Шиелі ауданында 3 096 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл басынан 1 852 жаңа жұмыс орны жасалды немесе 59,8 пайызы орындалды. Оның ішінде уақытша жаңа жұмыс орындары 1 173 (ақылы қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары және «Жасыл Қазақстан» жобасы), тұрақты жаңа жұмыс орындары 680 болып отыр.
Жансая НҰРҚОЖА,
Шиелі ауданы