Қытайда 25 баланы уландырған бұрынғы тәрбиеші дарға асып өлтірілді
БЕЙЖІҢ. 15 шілде. Қытайда балалар бақшасының бұрынғы тәрбиешісі 25 баланы натрий нитритімен әдейі улағаны үшін дарға асу арқылы өлім жазасына ұшырады. Бұл туралы РБК ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оқиға орын алған Хэнань провинциясының орталығы – Цзяоцзо қаласының орта басқышты халық соты осындай шешім қабылдады.
Осындағы «Мэнмэн» балалар бақшасында тәрбиеші болып қызмет істеген Ван Юннің ісі 2019 жылы басталған болатын. Тергеп-тексеру барысында оның мекемедегі оқытушылардың бірімен жанжалдасып қалғаннан кейін оның тобындағы балаларды улап тастауға тәуекел еткені белгілі болды. Сөйтіп, Ван Юнь балалардың ботқасына натрий нитритін себеді. Нәтижесінде 25 бүлдіршін ауыр халде ауруханаға түседі, олардың бірі сол жерде жантәсілім етеді.
Тергеушілер сондай-ақ аталмыш әйелдің 2017 жылы сөзге келіп қалған күйеуінің сусынына да натрий нитритін сепкенін анықтайды. Осының салдарынан ер кісі орташа ауыр дәрежеде уланып қалады.
Sohu атап өткендей, балалар бақшасы осы оқиғадан кейін жабылады. Ал қайтыс болған баланың әке-шешесіне 5 мың. юань ($700) көлемінде өтемақы төленеді.