Ресейліктер Батумиде топтық төбелес шығарып, өздері жайлы шындықты естіді
БАТУМИ. 14 шілде. Сакартвелоның Батуми қаласында Ресейден келген туристер жергілікті жұртты арандатып, олардың РФ жайлы ойларын естіп тынды. Бұл туралы РФ ресурстары дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Батуми жігіттері элиталы тұрғын үй кешенінде жарық өшіп қалғаны үшін жанжал тудырған ресейлік туристерді аздап сындырып тастап, өздерін «сайқал» деп атады.
Оқиға 11 шілдеде орын алған. Өктемшіл меймандар Батуми тұрғындарының әбден «қандарын ішіп» болып, оларды жаға ұстасуға дейін жеткізген. Бәрі элиталы «Batumi View» тұрғын үй кешенінде электр жарығының ажырап қалуынан басталған.
Ресей пабликтері жазғандай, ресейліктер жарықтың жоқтығы жөнінде бірнеше күн шағым айтумен болған. Бұған дейін олар кешенді басқаратын компанияға барып шағым айтқан. Ондағылар бәріне электриктер кінәлі екенін мәлімдеген. Ал электриктер бір жарым жылдан бері уақытша қабельді тұрақты сымға алмастыруға қолдары тимеген кешенді салушылардың айыпты екенін дәлелдеп баққан. Содан кейін туристер құрылыс компаниясына барған. Онда картвелдер екі ортада туып кеткен дауды телефонға түсіріп жүрген ресейліктерді «сайқалдар» деп сөгіп, бұларға бөтен жерде өз өктемдіктерін көрсетпей, ертерек елдеріне қайтуға кеңес берген. Осы жерде жаппай төбелес басталып кеткен.
РФ азаматтары мұндағылардың өздерін қалай ренжіткендерін полицияға көрсету үшін бәрін телефонға түсіріп алып жатқандарын айтып ақталған. Олар шынында осы видеоларды полицейлерге барып көрсеткен. Ондағылар ресейліктерді арыздарын алып қалған.
Әзірге грузин тарапының бұған қандай түсіндірме бергені белгісіз.