Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Назарбаевтың әйелі жұрт алдында мәселенің ашығын айтты

АЛМАТЫ. 24 ақпан. Қазақстанның бұрынғы президентінің әйелі Сара Назарбаева ұзақ уақыттардан кейін бірінші рет көпшілік алдына шықты. Бұл туралы «ҚазТАГ» хабарлады.

Бүгін Сара Назарбаева рухани-адамгершілік білімін беру кеңесінің отырысына қатысты.

Аталмыш шара бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікпегеніне қарамастан, оған бұрынғы бірінші ханымның қатысқаны жасырын болмай қалды.

Кейін анықталғанындай, отырыста Назарбаева баяндама жасапты. Ол әңгіме барысында бір мәселеге қатысты өз ойын ашық білдіріпті. Сара Алпысқызы қазір жер бетіндегі адамдардың қатты дамып, ақылды бола түскенін айта тұрып, бірақ олардың ең басты нәрсені ұмытып бара жатқандарын сөз етіпті.

«Ал ең басты нәрсе не? Ол – жалпыадамзаттық құндылық», – деп өз сұрағына өзі жауап беріпті сонда Назарбаевтың әйелі.

Шіркін-ай!

Тағы көрсету

2 пікір

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button