Өзбек ғалымдары коронавирусты емдейтін тәсіл тапты
ТАШКЕНТ. 24 ақпан. Өзбекстан ғалымдары Қытайдан тарап жатқан аса қатерлі жұқпалы кесел – коронавируспен ауырған адамды емдеп шығаратын тәсіл ойлап тапты. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Өзбекстан Ғылым академиясының материалтану институты №1 зертханасының меңгерушісі Рустам Рахимов жергілікті Anhor.uz басылымына берген сұхбатында әртүрлі этиология вирустарымен күрес үшін тәсіл жасап шығарғандарын, алайда, оның елде және шетелдерде әлдеқашан барлық клиникалық сынақтардан өткеніне қарамастан, «әлі ресми құрылымдарда мойындалмай отырғанын» әңгімелеп берді. Тәсіл Өзбекстанның өзінен бөлек, Германия, Малайзия, Ресей, Грекия, Эстония, Грузия және басқа елдерде қолданылып, жақсы баға алған. Ол 2003 жылы-ақ АҚШ-та FDA сертификатын алып қойған.
Ол өз сөзінде аталмыш тәсілдің «әртүрлі этиология вирустарымен күрестегі тиімділігі өте жоғарылығына» кепілдік етті.
Рустам Рахимовтың айтуынша, «тәсілдің маңызы оның бұл тиісті ферменттері бар ДНК болсын не РНК болсын, кез келген вирус лны көшіріп алуына және көбейтуіне көнеді». Сөйтіп, оларды жойып жіберіп тұруға болады.
«Мен бұл жаңалықты Өзбекстанның, өзбек ғалымдарының орасан зор табысы санаймын. Тек оны күнделікті өмір практикасында қолдануға тездетіп кірісуіміз керек», – деді ғалым өз сөзінің түйінінде.
Жарады!
осы өзбектен көп үйрену керек десем, түсінбейсіңдер. өзбек бізден көп ілгері кетіп қалды