Сара Назарбаеваның өмірден өткені өтірік болып шықты

АЛМАТЫ. 15 мамыр. Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Қонақайдың (Назарбаеваның) қайтыс болғаны теріске шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сара Қонақай соңғы күндері емделіп жатқан Алматыдағы «Совмин» ауруханасындағылар осыған дейін тарап кеткен бұл қаралы хабарды жоққа шығарды.
«Бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен көптеген сауалдарға жауап бере келіп, Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының қазір ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның қайтыс болғаны жайлы ақпар шындыққа сәйкес келмейді», – деп жазды Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Х әлеуметтік желісінде.
Orda.kz порталының мәнбесіне сай, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Қонақайдың өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппарат сөндірілген. Ол 85 жасында дүниеден өтті. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Orda.kz тілшілерінің сауалына қысқа ғана «Иманды болсын» деп жауап берген.
Сара Алпысқызы Алматы қаласындағы Президент іс басқармасы медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда ауыр халде жатып, емделген екен.
Соңғы апталарда Сара Алпысқызы Алматыдағы Президент іс басқармасының қарамағындағы республикалық клиникалық ауруханада, халық арасында «Совминка» аталып кеткен мекемеде ем алып жатқан. Бүгін алдын ала мәліметтер бойынша, оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажырату туралы шешім қабылданған.
Сара Алпысқызы Қонақай 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында туған. Қазақстанның бірінші ханымы тәуелсіздік алған күннен бастап 2019 жылға дейін осы ресми мәртебені иеленді.
Сара Назарбаеваның кезінде Порфирий Ивановтың денсаулық жүйесін кеңінен насихататағаны да белгілі. Оның ұсынысы бойынша мектептер бағдарламасына «Өзіңді өзің таны» деген пән де енгізілді.
Нұрсұлтан Назарбаев 2023 жылдың желтоқсанында жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» деген мемуарында Сара Алпысқызының өзінің жалғыз әйелі емес екенін ашып жазған еді. Ол Әсел Исабаевамен неке қиғанын жасырмады. Дәл сол жылы Сара Назарбаева өзінің қыз күніндегі Қонақай тегіне ауысқан.
Сара Алпысқызы республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалап, оның өмір бойығы перзиденті болды. Қоғамда қазір бұл қоғамның шетелдіктерге бала сатумен айналысқаны жөнінде де қаукесет бар. Бірақ ешқашан ешқандай тексеруді бастар кешпеген қоғамның шын бет-бейнесін қазір толық ашып көрсету әсте мүмкін болмай тұр.