Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

«Астана Балет» Алматыдағы гастролін табысты аяқтады

АЛМАТЫ. 24 ақпан. Өткен жексенбі күні Алматыда «Астана Балет» театрының гасролі табыспен аяқталды. Бұл туралы «Астана Балет» театры баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Астаналық театр Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында ақпанның 19-23 күндері өнер көрсетті. Төрт күн бойғы кеште де мұнда бұрын-соңды болмаған аншлаг болды. Билетке деген сұраныстың көптігінен, театрға ғимаратына қосымша орындықтар қоюға тура келді. Ал балет труппасының өнерлері әрбір жолы ұзақ қол шапалақтаумен аяқталып жатты.

Театр ұжымы өзінің гасрольдік сапарын «Astana Ballet presents» бағдарламасымен ашты. Онда ұжымның неоклассикалық репертуарынан бір актілі үш балет кірді. Бұлардың екеуі Германия мен АҚШ-тың қазіргі заманғы хореографтарының «Астана Балет» үшін арнайы дайындаған жұмыстары болды. Олар – Раймондо Ребектің «Жадтың саяхаты» және Николо Фонтенің «Махаббаттың жоғалтылған табынушылары». Сондай-ақ, бұл кеште алматылықтарға  Джордж Баланчиннің «Иоганн Бахтың музыкасына жазылған «Кончерто Барокко» балеті бірінші рет ұсынылды.

Театрдың бас балетмейтерінің айтуынша, сыртқы келбеті қарапайым көрінгенімен, «Кончерто Барокко» күрделі саусақ техникасынан құралады, оны дайындау кезінде әртістерге көптеген нюанстарды бастан кешуге тура келген.

«Біз өз репертуарымызда Баланчин қорының атынан орындауға құқық алынған екі спектакльдің – «Серенада» мен «Кончерто Барокконың» бар екеніне мақтанамыз. Қор өз хореограф мұрасына өте бір шікәммен қарап, труппаның және тұтастай алғанда театрдың деңгейіне айрықша талап қойып отырады. Келешекте біздің репертуар Баланчиннің тағы бір жұмысымен: «Асыл тастар» балетінің фрагменті – «Лағылмен» толықтырылады», – деді Мукарам Авахи.

Көрермендер, балет сыншылары, хореографтар мен өнер адамдары неоклассикалық бағдарламаны өте жылы қабылдады.

«Баланчин ешқандай жарнаманы керек етпейді. Осы жылдарда труппаның өзгергенін көрудің өзі қуанышты. Бұл театрдың көркемдік жетекшілігінің, педагогтар мен әртістердің орасан зор жұмыстарынан байқалады. Бәрі ең жоғары «Гамбург есебінен» көрініп тұр. Басқашалай айтқанда, Баланчиннің биін билеу және содан көрерменге ұнау оңай емес. Ал біз мұны жасай алдық», – деді ҚазКСР халық әртісі Эдуард Мальбеков.

«Сөз жоқ, бұл – бүкіл Қазақстан театры өміріндегі нағыз оқиға. «Астана Балет» аса жоғары кәсібилік деңгей көрсетіп жүр. Бұл қойылымдарда іс жүзінде көрермендерге әсер ететіндей нәрселер жасалмайды, бірақ онда бастысы – аса бай хореография, өжеттік пен батылдық бар», – деді Қазақстанның халық әртісі Гауһар Мырзабекова.

«Астана Балет» танымал, жұртқа белгілі және қалаулы. Ең бастысы, біздің барлық әртістеріміз, педагогтарымыз және әкімшілік жаңа шыңдарды алу үшін бұл қол жеткенмен тоқтап қалуға болмайтынын түсінеді», – деп түйіндеді театр директоры Александр Совостьянов

Айтқандай, 29 ақпан күні «Астана Балет» театры астаналық тұрғындар мен қала қонақтары үшін «Astana Ballet presents» бағдарламасы ұсынады.

Тамаша!

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button