Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Роналду келесі жолы 1000-шы матчын өткізеді

МӘСКЕУ. 23 ақпан. Туриннің «Ювентус» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіпқойлық мансабында келесі жолы 1000-шы матчын өткізеді. Бұл туралы «Sport24» хабарлады.

Бүгінде жасы 35-ке келіп отырған футболшының бұл кезге дейін ойнаған ойындары реті мынадай:

Лиссабонның «Спортингінде» – 33 матч;

Манчестердің «Манчестер Юнайтедінде» – 292 матч;

Мадридтің «Реалында» – 438 матч;

Туриннің «Ювентусында» – 73 матч;

Португалия құрамасында – 164 матч.

Осы 999 ойында ол қарсыластар қақпасына 724 гол соққан.

«Ювентус» Италияның А сериясының 1 наурыз күні өтетін келесі 26-турында Миланның «Интер» командасын өз алаңында қабылдайды. Егер Криштиану осы кездесуге бір минутке шықса да, ойындары санын 1000-ғы толтырады.

Қазір «Ювентус» чемпионатта 25 ойыннан кейін 60 ұпаймен жеке-дара топ бастап келеді. Онда 21 матчқа қатысқан Роналду 21 гол соғып, мергендер көшінің басында тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button