26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Димаштың Екатеринбургтегі концерті де сүйсіндірді

24 Ақпан 2020 09:06
- Жаңалықтар, Руханият
Димаштың Екатеринбургтегі концерті де сүйсіндірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕКАТЕРИНБУРГ. 24 ақпан. Әлемдік деңгейдегі қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген кешкі сағат 21:00-де өзінің жеке концертін «Екатеринбург-ЭКСПО» залында берді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Димаш Орал тауының етегіндегі бас қалаға 22 ақпан күні күндіз келді. Оны әуежайда фанаттар қоғадай жапырылып күтіп алды. Мұнда ол біршама уақыт аялдауға мәжбүр болды. Себебі, өзін қарсы алған әнсүйер қауымның, қоғамдық ұйымдардың осыған байланысты арнайы бағдарламалары бар екен.

Осымен қазақстандық әнші Ресейдің үшінші ірі қаласына аялдады. Ол концерт қойған 4 мың орындық залда бірде-бір бос орын болған жоқ. Жұрт 2500-ден 40 000 рубльге дейін баратын билеттерді содан бір күн бұрын түгел пышақ үстінен үлестіріп әкетті.

Концерт өте жанды түрде өтті. Мұның үстіне, залдағы акустиканың алдыңғы екі қалаға қарағанда да жақсы екені оның жоғары деңгейде болуына әсер етті.

Бұл жолы да бүкіл әлемдегі өнерсүйер қауым бірнеше ұйымдастырушының арқасында концертті онлайн-интернет формасында көріп отыруға мүмкіндік алды. Концерт біткен бойда оған талдаулар көбейіп кетті. Бәрінде де біздің әншіміздің өнеріне таң қалушылық бар.

Осыдан кейін Димаш Құдайберген гастрольдік турнесінде аздаған уақыт үзіліс алады.

Әзірге оған ең үлкен концерт залын ұсынған Қазан болып тұр. Бұл қаладағы «Татнефть Арена» спорт сарайында 10 500 орын болды.

Сосын 7 наурыз күні концертін Латвияның бас қаласы – Ригада жалғайды. Мұнда Димаш «Arena Riga» спорт сарайында өнер көрсетеді. Ал 9 наурызда Мәскеудегі «Мегаспорт» спорт сарайында әнсүйер қауыммен қауышады. Бұдан кейін оны Киев күтіп тұр. Бұл қаладағы Спорт сарайында ол 11 наурызда көрермен алдына шығады. Содан соң 19 наурызда Германияның Гамбург қаласындағы «Barclaycard Arena Sylvesterallee» аренасында, 21 наурызда Дюссельдорфтағы «Düsseldorf ISS DOME» залында, 25 наурызда Чехияның астанасы – Прагадағы «TipSport-Arena» спорт сарайында, 29 наурызда Германияның Штутгарт қаласындағы «Hanns-Martin-Schleyer-Halle» сарайында, ал 4 сәуірде Беларусь астанасы – Минскідегі «Минск-Аренада» көпшілікпен көзайым болады.

Осымен Димаштың Еуропаның 6 мемлекетінің 11 қаласында өтетін «Arnau toour 2020» атты гастрольдік турнесі аяқталады.

Машалла!

Таңбалар: Димаш ҚұдайбергенЕкатеринбург

Ұқсас мақалалар

Димаш Құдайберген – Қырғызстанның халық әртісі (видео)
Жаңалықтар

Димаш Құдайберген – Қырғызстанның халық әртісі (видео)

24.07.2025
Ыстықкөлде «Мейкин Азия» ән фестивалі өз мәресіне жетті
Жаңалықтар

Ыстықкөлде «Мейкин Азия» ән фестивалі өз мәресіне жетті

24.07.2025
Что вам не хватает, «дорогие товарищи?»
Көзқарас

Что вам не хватает, «дорогие товарищи?»

24.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist