26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралған бойда екі гол соқты

12 Қыркүйек 2021 13:02
- Жаңалықтар, Сайыс
Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралған бойда екі гол соқты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАНЧЕСТЕР. 12 қыркүйек. Белгілі португал футболшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралысымен ойнаған бірінші матчында бірден дубль жасады. Бұл туралы Sport.ru хабарлады.

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтің» кеше кешке өз алаңында «Ньюкаслмен» өткізген ойынының басынан бастап алаңға шықты. Ол 4-2-3-1 схемасы бойынша орталық шабуылшының міндетін атқарды. Өте белсенді қимылдап, алаң аумағында еркін кезіп жүрді. Бірақ командаға оралғаннан кейінгі бірінші голын орталық форвард позициясында тұрған кезінде салды. Мұны бірінші таймға қосылған екінші қосымша минутта жасады. Әуелі Мэйсон Гринвуд айып алаңының сыртынан қақпаға қарай доп тепті. Оны «Ньюкаслдың» голкипері Фредди Вумен бір қолымен қайтарды. Алайда, доп тым ұзаған жоқ. Оны жүгіріп келе жатқан Криштиану торға қарай сүңгітіп жіберді. Ойындағы есеп осылай ашылды.

Рас, екінші таймның бас жағында (56-минут) қонақтар жарқылдаған жылдамдықпен қарсы шабуыл ұйымдастырып, таразы басын теңестіріп кетті. Голды Хавьер Манкильо өз атына жазды. Дегенмен, арада 6 минут өткенде Роналду тағы бір доп соғып, өз командасын қайтадан алға шығарды. Сөйтіп, ол «МЮ» сапында өткізген жалпы 200-ші матчында екі гол түсірді.

Бұдан кейін алаң иелері сапынан Бруну Фернандеш (80-минут) пен Джесси Лингард (90+2) мергендіктерімен көзге түсіп, қорытынды есепті 4:1-ге жеткізді.

Таңбалар: голкриштиану роналдуманчестер юнайтед

Ұқсас мақалалар

Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады
Жаңалықтар

Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады

29.07.2026
Дастан «Челсидің» жолдастық кездесуінде өзінің бірінші голын соқты (видео)
Жаңалықтар

Дастан «Челсидің» жолдастық кездесуінде өзінің бірінші голын соқты (видео)

28.07.2026
Абат қатарынан үшінші матчта гол салып, клубын жеңіске жеткізді
Жаңалықтар

Абат қатарынан үшінші матчта гол салып, клубын жеңіске жеткізді

23.12.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist