Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Криштиану Роналду Гиннестің Рекордтар кітабына кірді

МАНЧЕСТЕР. 4 қыркүйек. Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында гол соғудан Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.

Португал форвардының құрама сапында гол соғу жағынан нәтижелілігі ресми түрде рекорд деп жарияланды.

Роналду 1993-2006 жылдары Иран құрамасы сапында 109 гол соққан Али Даеиден асып түсті. Ал Роналдудың 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ирландия командасы қақпасына екі гол соғуы оны рекордқа жеткізді. Қазір Криштианудың көрсеткіші 111 доп болды.

Роналду Португалия құрамасында 2003 жылдан бері ойнап келеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button