25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Колонияда Қайрат Сатыбалдының «сындырылғаны» рас па?

29 Мамыр 2023 22:58
- Жаңалықтар, Құқық
Колонияда Қайрат Сатыбалдының «сындырылғаны» рас па?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 мамыр. Интернетте Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалдының баласы Қайратты колониядағылардың «сындырғаны» жайлы қауесет тарап жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Орташа қауіпсіздікті мекемеде бас бостандығынан айырылу түрінде жазасын өтеп жатқан Қайрат Сатыбалды колония қабырғасында «сындырылды», – делінген таратылған хабарламада.

Осы хабарламаның авторлары «Қазақстандағы салафиттердің атаманы» деп атап отырған Назарбаевтың туған інісі – Сатыбалдының баласы Қайраттың жанына міндеттеріне моральдық жағынан және күш қолдану арқылы қысым жасау жолымен оны «сындырып», көкірегін басу, жуасытып, жағдайға көндіктіру кіретін екі тұтқын отырғызылғанын баяндайды.

«Камераға екі жаңа қонақ отырғызылған күннің кешінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің сотталған экс-генералы колонияның қоғамдық орындарын тазалау жұмыстарына қосыла бастады», – делінген таратылған хабарламада.

ҚазТАГ редакциясы бұл ақпардың анық-қанығын тексеріп көрген.

«Сотталушы Қ. Сатыбалды Шығыс Қазақстан облысындағы №22 қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы негізде жазасын өтеп жатыр…  Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, Қ. Сатыбалды отрядта басқа тұтқындармен бірге ұсталып отыр, олардың тарапынан Қ. Сатыбалдыға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалған жоқ. Басқа бірқатар орындар сияқты, аталмыш мекемеде де бейнебақылау жүйесі орнатылған», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылғы 26 қыркүйекте сот үкімімен алты жылға сотталған болатын. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынды. Бұдан бөлек, арнайы шені мен мемлекеттік наградаларынан түгел айырылды.

Сот процесін судья Нұрлан Баяхметов жүргізді.

Бізге мәлім болғандай, 2018-2022 жылдар аралығында Қайрат Сатыбалды талан-таражға салу арқылы «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын жымқыруды ұйымдастырған. Ол үшін алдын ала сөз байласып, АҚ-ның басшылық лауазымдағы тұлғаларының қызметтік өкілеттігін пайдаланған. Орындаушылар ретінде директорлар кеңесінің төрағасы М.Мұхамбеджанұлы және АҚ президенті Г.М.Бекетов болған. Олар бақылаудағы сотталған компаниялармен жалған келісімшарттар жасап, АҚ қаражатын шығарып отырған. Осылайша ұйымдасқан үшеу «Көліктік сервис орталығы» акционарлік қоғамына 28 млрд теңгеден астам сома көлемінде материалдық шығын келтірген.

Бұдан бөлек, 2018-2022 жылдар аралығында Қайрат Сатыбалды сенімге қиянат жасау және алдау жолымен «Қазақтелеком» АҚ-ның мүлік иесіне мүліктік залал келтіруді ұйымдастырған. Қылмысын алдын ала сөз байласу арқылы Ч.Қоңырбаевпен және АҚ-ның корпоративтік бизнес дирекциясының директоры Л.Муравьевпен бірге іске асырған. Атап айтқанда, байланыс каналдарын бақылаудағы жалғыз әрі бірыңғай жеткізуші компания – «Qaztelcom.kz» ЖШС арқылы жоғары бағамен жалға беруді, сондай-ақ байланыс каналдарын абоненттік төлемсіз қосуды ұйымдастырған. Бұдан келесі ұйымдасқан үштік акционерлік қоғамға 12 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірген.

Кейін Қ.Сатыбалды, М.Мұхамбеджанұлы, Г.Бекетов, Ч.С.Қоңырбаев, Л.А.Муравьевтің кінәсі аудиторлық есептерпен, куәларды сұрау хаттамаларымен, мамандардың қорытындысымен, заттай айғақтармен, өзара есептесу бойынша бухгалтерлік құжаттармен, құжаттық тексеру актілерімен, АҚ мен бақылаудағы сотталған компаниялар арасында жасалған шарттар және оларға қосымша келісімдермен, шегерім ұсыну туралы өкімдермен, орындалған жұмыстың актілерімен расталған.

Сотта сотталушылар кінәларын толық көлемде мойындады.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ мүлкін талан-таражға салу фактісі бойынша 28 млрд теңгеден астам көлемдегі залал сомасы толық өтелді.

«Қазақтелеком» АҚ-ға мүліктік залал келтіру фактісі бойынша 12 млрд теңгеден астам көлемдегі залал толық өтелді.

Таңбалар: колонияҚайрат Сатыбалды.сот

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist