Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қазақстан Ресей үшін параллель импорт жасайтын шекарасын жапты

АСТАНА. 5 мамыр. Ресейдің бұрынғы Одақ елдері арасындағы ең ірі сауда әріптестерінің бірінен саналатын Қазақстан РФ-ға «параллель импорт» жөнелтіп келген шекарасын жабуға мәжбүр болды. Бұл туралы The Moscow News порталына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«АҚШ-тың санкция салу қаупі КСРО-ның бұрынғы республикалары арқылы Ресейге қарай ағылып жатқан тауарлар тасқынының жолына тосқауыл қойды», – делінген хабарламада.

«Кремльдің посткеңестік кеңістіктегі аса ірі сауда әріптесі – Қазақстан Ресейге «параллель импорт» жіберу үшін жұмыс істеп тұрған шекарасын бекітті», – деді РФ «Грузавтотранс» ассоциациясының басшысы Владимир Матягин «Известия» газетінің тілшісіне.

«Қазақстанның бізге қарай өтілетін өнімдерді тексеруді күрделендіріп жібергені сондай, ол іс жүзінде шекараны жабу болып отыр», – деді Матягин.

Астана мұндай шешімге мамыр айының басында АҚШ қаржы министрі орынбасарының кеңесшісі Элизабет Розенберг бастаған делегация келіп кеткеннен кейін қабылдады. Олар билік өкілдерімен де, жеке компаниялардың топ-менеджерлерімен де кездесіп қайтты. Оның барысында санкция ережесін бұзғандарға қарсы қолданылатын шараларды ашып айтты.

«Қазақстан Республикасының компаниялары мен банктеріне қатысты санкциялар қаупі өсіп келеді», – деді Розенберг ханым кездесу қорытындысында. Сосын «бұл РФ-ның санкциялар қыспағынан құтылып шығуы үшін жасалып жатқан тірліктерге байланысты болуы мүмкін» дегенді қосты.

АҚШ-тың бұл ескертпесін Астана қаперге ала бастағанға ұқсайды. «Қазір енді тауар артқан ресейлік жүк көліктері Қазақтан аумағын айналып өтетін болды», – деп мәлімдеді Матягин. Оның айтуынша, содан бері тауарлар Қытай, Иран, Грузия, Әзербайжан, Армения елдері арқылы келіп жатқан көрінеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button