Стрелков РФ-ның келесі соғысы Қазақстанмен болатынын мәлімдеді
МӘСКЕУ. 4 мамыр. Ресейлік террорист-офицер Игорь Стрелков (Гиркин) өз елі армиясының ендігі соғысы Қазақстанмен болатынына болжам жасап отыр. Бұл туралы ресейлік және украин ресурстары дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Соғыс қылмыскері Игорь Стрелков РФ Қазақстанда өзіне жылы шыраймен қарайтын билік орнатуға тырысады деп есептейді», – деп жазады «Диалог.ua».
Порталдың мәліметінше, Стрелков (Гиркин) Кремль Қазақстанға соғыс ашып кіреді деген сәуегейлік білдіреді. Егер оның осындай өткір де тосын сөздерінің бәрін РФ билігімен келісіп барып айтатынын ойға алсақ, террористің бұл мәлімдемесінде нәрлі дәнек бар екенін пайымдауға болады.
Гиркин Ресей үшін Қазақстанда Кремльге бүйрегі бұрмайтын биліктің болуы тиімсіз екенін алға тартты. «Егер РФ мұны істемесе, онда осы жақтан екінші майдан ашылады, өйткені Қазақтан Батысқа қарап бағыи ұстай бастады», – деді ол бұдан әрі.
Стрелков видеоүндеуінде мұны Ресей Украинамен соғыстан аман шықса, шайқаса алатын күші қалса жасайтынын айтты. Себебі, террорист Ресейдің Украинамен соғыста жеңіліп қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Еске сала кетейік, 1 мамыр күні БҰҰ-да әлемнің көптеген елдері Ресейді «террорист-мемлекет» деп таныды. Мұнда шешімге дауыс бергендер қатарында Қытай, Үндістан, Бразилия, Қазақстан, Армения, Грузия дәулеттері болды. Қарарға Ресейдің өзінен басқа, Беларусь, Никарагуа, Сирия және Конго Демократиялық Республикасы қарсы дауыс берді.
Игорь Стрелков – ФСБ-ның офицері. Ол 2014 жылы Мәскеуден арнайы жіберіліп, Донбасс армиясының бас қолбасшысы болды. Сонда жүргенінде 2014 жылы шілде айында Донбасс аспанында Малайзияның «Боинг» жолаушылар ұшағының атып түсірілуіне тікелей қатысты. Гааганың округтік соты өткен жылы мұның бәрін дәлелдеп шығып, екі ресейлік, бір украиналық азамат жауапты деп танып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті. Ресейлік екеудің бірі – Игорь Стрелков болатын.