Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Гаагадағы Халықаралық сот Путинді қамауға алуға ордер берді

ГААГА. 17 наурыз. Гаагадағы Халықаралық сот қазір ғана Ресей президенті Владимир Путинді соғыс қылмыскері ретінде қамауға алуға ордер жазып берді. Бұл туралы BBC News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бұл – осыдан бастап Путинді шетелге шыққан кез келген сапары кезінде тұтқындауға мүмкіндік туады деген сөз.

«Путин мен Львова-Белова «Украинадан Ресейге балаларды заңсыз депортациялаулары арқылы жасаған ықтимал соғыс қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылады», – делінген Халықаралық соттың баспасөз парақшасында.

«Гаагадағы II Халықаралық қылмыстық соттың сот процесіне дейінгі өндіріс палатасы жұма күні Украинадағы жағдайға байланысты Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алуға ордер берді», – деп жазады «Украинская правда» ресурсы.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылғы 17 наурызда II сот процесіне дейінгі өндіріс палатасы Путин мен РФ президентінің балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген.

Путин мен Львова-Беловаға Украинаның жаулап алынған аудандарынан балаларды Ресей Федерациясына заңсыз депортациялау арқыоы соғыс қылмысын жасады деген күдік таңылып отыр. Қылмыс кемінде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалып келген.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button