ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Тегеранда қыздар орамалдарын жұлып алып, лаулаған отқа лақтырды

ТЕГЕРАН. 15 наурыз. Иранның бас шаһары – Тегеранда бір топ бойжеткен бастарындағы шәлі орамалдарын шешіп алып, жанып жатқан мерекелік отқа тастады. Бұл туралы Azad İran телеграм-каналының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұдан бірнеше ай бұрын, 2022 жылдың 22 қазаны күні парсы елінде басына хиджабын дұрыс кимеген 22 жастағы Махси Амини есімді қызды полицейлер учаскеге әкетіп, ұрып өлтіруіне байланысты халық түгел көтеріліп, наразылық қозғалыстары басталып кеткен еді.

Әзербайжан тілді Azad İran ресурсы бүгін сондай қарсылықтағы туған әрекеттің Иран байтағы түбіндегі Экбатан кентінде де орын алғанын баяндады. Онда да «Илахыр чершенбе» күнін тойлаушы жергілікті жұрт аятолла Хаменеидің портреттерін отқа жаққан.

Наразы топ сонымен бірге: «Дін басшыларына өлім келсін! Ирандық азамат, өзіңнің намысты екеніңді көрсет! Азаттық! Хаменеиге өлім келсін! «Басидж» бен СЕПАХ – сендердің терроршыларың!» деп ұрандатып, айғайлап тұрды.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Хабардың әзербайжан тіліндегі нұсқалары төмендегідей (бірі – латын, екіншісі араб қаріптерімен жазылған):

Tehranın Ekbatan qəsəbəsində ilaxır çərşənbə şənliyi keçirən sakinlər Xameneyinin portretini yandırı və şüarlar verirlər: «Ölüm olsun bu dini rəhbərliyə! İranlı, bəsdir daha, qeyrətini göstər!

Azadlıq! Xameneyiyə ölüm olsun! Bəsici və SEPAH-çı siz bizim İŞİD-imizsiniz!»

 

تهران

به آتش کشیدن عکس خامنه‌ای در شب چهارشنبه_سوری در اکباتان با شعارهای:

این همه سال جنایت مرگ بر این ولایت

ایرانی بسه دیگه غیرت‌تو نشون بده

آزادی آزادی آزادی بگو… مرگ_بر_خامنه_ای

بسیجی سپاهی داعش ما شمایی سه‌شنبه ۲۳ اسفندماه

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button