Остин танк коалициясы өскенін айтты: Украина 150 «Леопард» алады
ВАШИНГТОН. 16 наурыз. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин танк коалициясының өсуіне байланысты Украинаға берілетін «Леопард» саны 150-ден асқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Бүгінгі таңға 9 елдің Украинаға «Леопард» танкілерін беретіні белгілі болды. Әңгіме 150-ден аса техника бірлігі хақында болып отыр. Бұл – бұрын межелеп қойған мөлшерден едәуір көп.
Пентагон басшысы беріліп жатқан қуатты көмектің арқасында Украинаның енді 9 танк бригадасын құра алатынын баяндады.
Бұдан бөлек, Америка қорғаныс ведомствосының басшысы одақтастардың соңғы үш айдың мұғдарында Украинаға әскери көмек беруді қатты күшейткенін атап өтті. Министр бұл қадамдардың Украина мемлекетінің қорғаныс қабілетін және егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау мүмкіндігін арттыратынына сенім білдірді.
Еске сала кетейік, сәрсенбі, 15 наурыз күні одақтастардың «Рамштейн» форматындағы оныншы отырысы болып өтті. Украина тарапы әріптестеріне армия үшін қандай қарулардың мейлінше қажет болып тұрғанын айтып, олардың тізімін берді. Бұлардың арасында ПВО жүйесі, танкілер мен HIMARS снарядтары аталды.
Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары өткен аптада АҚШ-тың Украинаға М1 Abrams танктерін жөнелту алдындағы кезеңге жеткенін хабарлады. Ал Украинаға жеткізілетін «Леопард» танкілерінің бір үлкен легі қазір Польшаға жиналып қалды. Оларды жүргізетін украин танкшілерінің бірінші тобы курсты бітіріп шықты.