«Путин шахид емес, ол ядролық соққы жасай алмайды» – Пионтковский
ВАШИНГТОН. 14 наурыз. Ресейлік оппозиционер Андрей Пионтковский РФ президенті Владимир Путиннің ядролық соққы жасауға әдді бармайтынын айтты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Ресейлік белгілі саясаттанушы және публицист Пионтковский Путиннің жеке өмір жолдарын жан-жақты зерттей келіп, оның ешқашан әлдеқандай бір елге ядролық соққы беруге батылдығы жетпейтінін атап көрсетті», – делінген хабарламада.
Украин журналисі Алеся Бацман саясаттанушы Андрей Пионтковскиймен әңгіме кезінде бұдан бірер күн алдын бұқаралық ақпарат құралдарында Путиннің жеке өмірі туралы жан-жақты зерттеу мақаласының жарық көргенін, онда Кремль қожайынының Валдайдағы іші түгел алтынмен апталған сарайы, оның ауласында тікұшақ қонатын алаңшалар және фюрердің көңілдесі Алина Кабаева мен оның балалары шомылатын бассейн бар екені жазылғанын ауызға алды. Сол сарайға баратын әлдеқандай бір бронепойыз бен құпия темір жол бар екені, ал Кабаеваның өзінің Сочидегі үш деңгейлі пәтері барлығы, оның Ресейдегі ең қымбат тұрғынжай екені сөз болды.
Андрей Пионткоский өз кезегінде бұл зерттеудің ядро мәселесіне соңғы нүкте қойып бергенін мәлімдеді. «Мен жыл бойы Путиннің ядролық қаруды қолдана алмайтындай үш себебі бар екенін айтып келемін», – деп өтті сарапшы сосын.
Біріншіден, ол ешқандай соғыс мақсатын шешіп бере алмайды. Екіншіден, бұл үшін америкалықтар Путиннің өзін аямай жазалайды, олар мұны айтып, ескертіп те қойған. Үшіншіден, тіпті РФ лидері ақылынан алжасып кеткен болса да, бәрібір мұны бір өзі істей алмайды, себебі, оның қолында «қызыл түймеше» жоқ: ол басылуы үшін бас штабтың 20 офицерінің түгел келісімі қажет.
«Бірақ сарайға байланысты шығып отырған соңғы аргумент оның отан үшін өзін өзі өлімге қия салатын ешқандай да шахид емес екенін көрсетті. Ол жұмаққа да бармайды, оған қолына пейіштегі 72 сұлу бойжеткен де тимейді. Мұның орнына, оның алтын унитазда отыратын Кабаевасы бар, сонымен ол бүгінде мейлінше бақытты. Бірақ бұл өмірінің ақыры келеді, тықыр таянып қалды, сол ең соңғы мәурітте оған Щи Дзиңпиң жолдас арнайы ұшақ жіберіп, шұғыл Қытайға алдыртады. Ал Кабаева онымен бірге кетпейтін шығар, бәлки. Мұның онда оған не керегі бар? Ол содан соңыра Тибеттегі әлдеқандай бір ежелгі, көне ғибадатханаларының бірінде емделетін болуы да мүмкін», – деген болжам жасады Пионтковский.
Еске сала кетейік, Андрей Пионтковский бұған дейін Пригожиннің РФ бас штабын жойып жіберудің сценариін дайындап жатқанын мәлімдеген болатын.
Пионтковский сондай-ақ қай қаланың деоккупация жасалғаны, яғни оккупациядан құтылғаны артынша Ресейдің бүкіл қорғанысын быт-шыт қылатынын да айтты. Демек, басқыншылар осы Бахмуттың түбінен кері қайтады, Ресей армиясының күйреуі осы жерден сөре алады.
Сәл бұрынырақта Пионтковский Бахмуттағы соғыстың қорытындысына сәйкес «Фюрер мұның азарын көреді» деген болжам да білдірген еді.
Оппозициядағы саясаттанушы Андрей Пионтковский 2016 жылдан бері АҚШ-та, Вашингтон қаласында тұрады. Ол Ресейдегі Путин режимін ұдайы сынап жүргені үшін билік тарапынан «экстремист» деген баға алып, сотталып кетудің қарсаңында тұрған кезінде мұхиттың арғы жағына кетіп үлгерді,
Пионтковский 2010 жылы-ақ «Путин кетуге тиіс» деген ашық хатқа қол қоюшылардың бірі болған.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.