Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Түркия соғыс басталғалы бірінші рет Ресейге экспортты күрт қысқартты

АНКАРА. 14 наурыз. Анкара Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Мәскеуге жіберіліп келген экспорт мөлшерін күрт қысқартып тастады. Бұл туралы The Moscow News хабарына сүйенген rast.kz хабарлады.

Украинада соғыс қайнап жатқан кезде Ресей мен Түркияның арасында сауда буырқанысы керісінше қайнай түсті. Бұған тек АҚШ пен Еуропа одағы мән бере қарап, санкция режимін бұзған елдердің өздеріне қарама-қарсы шаралар қолданылатыны ескертілгеннен кейін ғана Анадолы елі аяғын тарта бастады.

Осылайша биылғы қаңтар айында Түркияның РФ-ға экспорты 20 пайызға құлады, мұны ресми статистика көрсетіп берді. Сөйтіп, соңғы үш айда Түркиядан Ресейге жалпы сомасы $1,043 млрд құрайтын тауарлар легі ғана келіп түсті. Ал бұдан бір ай бұрын, яғни 2022 жылғы желтоқсанда бұл мөлшер $1,313 млрд болған еді.

Мұның өзі Ресейге Түркия эспортының үш еседей түсіп кеткенін білдіреді.

Америка шенеуніктері басында-ақ осылай болатынын ескерткен еді. Соңғы рет Анкараға АҚШ қаржы министрінің орынбасары Брайан Нельсон ақпан айында келіп, Ресейге тауар шығаруды тоқтатуды талап етіп кеткен еді.

Бұған Түркияның жауабы тез болды. Түрік кедені 1 наурыздан бастап Ресейге жіберілетін жүктерді рәсімдеуді кілт тоқтатты.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button