Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол. Чемпиондар лигасы. «Бенфика» бүгін тағы жеңіске жете ала ма?

ЛИССАБОН. 7 наурыз. Бүгін Португалияның «Бенфикасы» өз алаңында Бельгияның «Брюггесімен» Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчын өткізеді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Бәсекелестердің бірінші кездесуі 15 ақпан күні Брюггеде өткен. Онда «Бенфика» алаң иелерін 2:0 есебімен жеңіп қайтқан.

Бүгінгі матч Астана уақытымен 01:00 сағатта басталады. Бірақ біздегі телеарналардан көрсетілмейді.

«Бенфика» Португалия чемпионатының биылғы маусымында чемпиондықтан басты үміткер саналып отыр. Қазіргі сәтте «қызылдар» турнир кестесінде сеніммен көш бастап келеді. «Бенфикистер» қоржындарында 23 турдан кейін 62 ұпай бар. Олар өздерінен кейінгі «Порту» мен «Брагадан» 13 балл алда. Енді 11 турдан кейін аяқталатын біріншіліктің соңына дейін тізгінді ешкімге бере де қоймайтын шығар.

«Даңқтылар» Чемпиондар лигасында да өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, топта бірінші орынға шықты. Ол «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ), «Ювентус» және «Маккаби» (Тель-Авив) секілді командаларды артта қалдырып кетті.

«Бенфика» өз елі чемпионатының соңғы ойындарында «Фамалика» (2:0), «Визела» (2:0) және «Боавишта» (3:1) ұтты. Ал оған дейін Португалия Кубогының ширек финалында «Брагадан» матчтан кейінгі пенальти бойынша ұтылып еді.

Бельгияның «Брюгге» командасы өз тобында екінші орынды жеңіп алуы арқылы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жол тартты. «Қара-көктер» өзінің алдына Португалияның «Порту» командасын алып, «Бейер» және «Атлетико» (Мадрид) жасақтарынан озып кеткен-ді.

«Брюгге» өз елінің чемпионтында оншалықты табысты өнер көрсетіп жүрген жоқ. Қазіргі мәурітте ол турнир кестесінің 4-орнынла келеді. Команданың еншісінде 28 турдан кейін 46 ұпай бар. Ол топ басындағы «Генктен» – 20, одан кейінгі «Антверпен» мен «Сент-Жиллуаздан» 10 ұпай қалып тұр.

«Брюгге» соңғы кездесулерде «Остендеден» ұтылды (0:3), «Гентті» ұтты (2:0) және «Серкль-Брюггемен» тең түсті (2:2). Ал Бельгия Кубогы үшін жарыста «Сент-Труйденнен» ұтылып (1:4), әлдеқашан жарыс жолынан шығып қалған.

Сарапшылар бүгінгі матча «Брюгге» тағы да екі доп айырымымен ұтады деп болжап отыр.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button