Пригожин Украинаның Бахмутты қорғай бермегінен үрейленіп отыр
КИЕВ. 7 наурыз. Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрбашысы Евгений Пригожинді Украинаның Бахмутты қорғауды жалғастыратыны шошытты. Бұл туралы украин ақпарат ресурстарына сүйенген rast.kz хабарлады.
«Музыканттардың» жарылқаушысы Киевтің Бахмутты қорғауды жалғастыру жөнінде қабылдаған шешіміне қатысты ойын бүгіп тұра алмады. Ол Бахмуттағы өзінің жалдамалы содырларының бәрін Украина Қарулы күштерін өз жағына таптып әкетеді деген күдігін білдірді.
Оның сөзіне қарағанда, украин қорғаушылары «Вагнердің» ілгері жылжуы жолын кесіп тастайтын үш топ құрған. «Мен барлық есіктерді қағып, біздің қапталдарды жауып тастауымыз үшін оқ-дәрілер мен қосымша күштер сұрап, дабыл қақтым. Егер бәрі үйлесімді қимылдар болса, біз Украина Қарулы күштерін бұғаттап тастар едік. Егер олай болмаса, бәріміз бітеміз» («Если нет, то всем придет п**дец»), – деп мәлімдеді Пригожин.
Қарақшылардың құрбашысы украин армиясының қала үшін ақырына дейін соғысатынын, сол кезде «вагнершілердің» олардың бұдан әрі не істеу керек екені жөнінде қойған шарттарының бәрін орындауларынан басқа ештеңесі қалмайтындарын мойындады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Бахмут түбінде тас-талқан боп жеңілген Пригожин өзінің Санкт-Петербургте революция ұйымдастырып, губернатор Бегловты орнынан алып тастау жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
Сонымен бірге, БАҚ-тар Пригожиннің Бахмут түбіндегі басты мақсаты қаланы алу емес, адам сенгісіз қайсарлықпен елді мекенді ұстап тұрған Украина Қарулы күштерін қалжырату екенін жазып жатыр. «Путиннің аспазы» сол үшін ұрыстарға бұған дейін түрмеде отырған мыңдаған содырларды украин әскерлерінің оқ ататын отты нүктелерін анықтап алу жолындағы «жанды нысана» ретінде аямай салып жатыр.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.