Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол. Чемпиондар лигасы. «Боруссия» «Челсиді» жолда қалдыра ала ма?

ЛОНДОН. 7 наурыз. Бүгін Лондонның «Челси» клубы Германияның «Боруссия» (Дортмунд) командасымен Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчын өткізеді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Командалардың бірінші кездесуі 15 ақпан күні бүгінгі қонақтардың алаңында өткен. Онда «Боруссия» 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Бүгінгі матч Астана уақытымен 01:00 сағатта басталады. Ол «Қазспорт» телеарнасында трансляция жасалады.

Лондон қаласындағы бір шағын ауданның атын алған «Челси», маусым аралық трансферлерінің көптігіне, яғни жаңадан көп ойыншы алғанына қарамастан,  биылғы жылы ағылшын премьер-лигасында едәуір сәтсіз ойнауда. Қазіргі сәтте ол турнир кестесінде 10-шы орында тұр.

Команданың еншісінде 34 ұпай бар, ол Чемпиондар лигасының ендігі аймағынан тура 11 тармақ қалып келеді. Сондықтан оған чемпионат арқылы қол жеткізу мейлінше қиын болмақ. «Ақсүйектердің» соққан доптары мен өткізгендері арасындағы көрсеткіш те кері – 24:25.

«Челси» Чемпиондар лигасында өз тобында «Милан», «Зальцбург», «Динамо» (Загреб) командаларын артқа тастап, бірінші болуы арқылы 1/8 финалға шықты.

Дортмундтық «Боруссия» 2023 жылы бундеслигада керемет өнер көрсетіп келеді. Ол барлық үш турнирде де жолын жалғастыруда, соңғы 10 матчында түгел жеңіске жетті.

Қазір «аралар» Германия чемпионатында Мюнхеннің «Бавариясымен» бірге бірінші орынды бөлісіп тұр. 23 турдан кейін екеуінде де 49 ұпайдан бар. Сондықтан чемпиондық үшін бар күрес әлі алда. Ал бұлардың соңынан «Унион», «Лейпциг» және «Фрайбург» командалары өкшелеп қуып келеді.

Дортмунд командасы Чемпиондар лигасында өз тобында екінші орын алып, 1/8 финалда шайқасы құқығына ие болды. Ол алдына «Манчестер Ситиді» жіберіп қойып, «Севилья» мен «Копенгагенді» артқа қалдыры кетті.

Сарапшылар бүгінгі матч тең аяқталады, сөйтіп, «Боруссия» ширек финалға шығады деп болжап отыр.

Сонымен, «Боруссия» бүгін «Челсиді» жарыс жолынан шығарып тастай ала ма?

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button