Сарапшы Ресей «госпропагандасы» 4 түрлі фейк таратқалы жатқанын айтты
КИЕВ. 7 наурыз. Украиналық әскери сарапшы Олександр Коваленко Ресей мемлекеттік насихаты жалған деректерге құралған қуатты ақпараттық шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы украин таблоидтарына сүйенген rast.kz хабарлады.
Ол Кремльдің асыранды насихатшы иттері тобырының зұлымдыққа малынып алынған жоспарлары бар екенін алға тартты.
«РФ агрессор елі қуатты ақпараттық шабуыл дайындап, өздеріне тиімді қалп мәліметтерді таратуға әрекет жасағалы жатыр», – деді әскери сарапшы.
Оның айтуынша, енді бірер күнде Мәскеу итаршылары украин мен батыстың кеңістігіне қуатты ақпараттық шабуылды бастайды. РФ-да Бахмут ауданындағы ахуалға қатысты өтірік мәлімет – фейктер мен бұрмалаушылық әрекет – манипуляциялар қаптап тарайды.
Онсыз да сенімнен жұрдай болған ресейлік БАҚ-тарға бұл күндері тіпті назар аударудың өзі көпірлік болмақ. Сол сияқты Кремльдің шетелдерде тұратын «қалтадағы ойыншық сарапшылары мен талдаушыларының» мәлімдемелері мен шолуларын да айналып өткен ләзім. Олардың бәрі тура жолдан адастырады. «Злой Одессит» ресурсы түсіндіргендей, жобаға соқпайтын жойдасыз әңгімелері мен маңырама мәліметтері үшін бұларға баяғыдан ешкім сенбейді, «бірақ қазір олардың Бахмуттағы ахуал жөніндегі жаппай жанықпа және даурықпа мәлімдемелері өзіне лайықты цунами толқындарымен қарсы алынуы тиіс».
Коваленко өзінің Тelegram-каналында жақында «пропагандистердің» ақпарат кеңістігінде пайда болатын хабарлардың бастақырыптарын да атап көрсетті.
Сарапшы Ресей фейктерінің шартты түрде 4 топқа бөлінетінін айтты. Бірінші: ең қатты екпін салынатын қуатты назар Бахмут ауданында Украина Қарулы күштерінің «апатты жағдайда» шығынға ұшырағандары сондай, олардың жаралыларды да саптан шығармағаны секілді сандалма сандырақтарға аударылады.
Екінші фейк Путин армиясының Украина Қарулы күштері бөлімшелерін қоршауға алғаны хақында болады. Соның ішінде жаңалықтардың бірінші тармағында украиндардың «қазан шұңқырға» түскендері жайлы жалған ақпар көбірек қозғалады. Үшінші қалп Ресей БАҚ-тарында украин сарбаздарының командирлер бұйрықтарына құлақ аспай, ұрыс даласынан асығыс және бейберекет қашып, жаппай дизертерлікке түсіп жатқаны төңірегінен өрбиді. Ал төртінші өтірік Бахмуттың қорғанысына байланысты Украина президенті Володимир Зеленьский мен УҚК бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың бір-бірімен қатқыл конфронтация мен өзара жеккөрушілік қатынаста екені турасында шығарылады.
Сарапшылар жұртты осындай кездерде барынша салқынқандылық танытып, өтірікке малынып алынған Путин командасының балдыр-батпағына сенбеуге және олардың сартап болған сандырақтарына қарсы тұруға шақырады.