Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Роналду қалыңдығына айына 100 мың еуроға дейін береді

ЛИССАБОН. 19 ақпан. Туриннің «Ювентус» командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду қалыңдығы Джорджина Родригеске ай сайын жұмсайтын қаржысы есебінде 50-100 мың еуро көлемінде ақша беріп тұрады. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Eurosport хабарлағандай, испанның «Telecinco» телеарнасының Viva la Vida» телешоуының зерттеуінде 35 жастағы футболшының әр ай сайын қызға 50 мыңнан 100 мың еуроға дейін ақша беретіні атап өтілген.

«Родригес «балаларды ұстау мен өзінің жеке шығынына» қаржы алып тұрады. Бұл сомаға Джорджинаға коммерциялық жарнама бренді үшін төленетін 8 мың еуроны қоспау керек», – деп атап көрсетеді репортерлер.

Сонымен бірге олар «Джорджинаның «Ya es mediodía» хабарына тегін келгеніне қарамастан, бір сұхбат бергені үшін 100 мың еуроға дейін ақы сұрайтынын» да ойға алады.

Еске түсіре кетейік, Роналду мен Джорджина бірінші рет көпшілік алдына 2016 жылы Парижде бірге шықты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button