Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Корея экс-президенті 17 жылға сотталды

СЕУЛ. 19 ақпан. Сеулдің жоғарғы соты елді 2008-2013 жылдары басқарған Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мён Бакты 17 жыл түрмеде отыру жазасына кесті. Бұл туралы Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.

Жоғарғы сот экс-президентті аса зор көлемдегі мемлекет қаржысын жымқырған және ірі мөлшерде пара алған деп айыптады. Ел басқарып отырған кезінде жасаған осы қылмыстық әрекеттері үшін оған кесілген жазалардың жиынтығы 17 жыл болып шықты.

Бұдан бөлек, 78 жастағы Ли Мён Бак жалпы сомасы 15,7 миллион долларды құрайтын айыппұл төлейді. Ол сот залынан бірден күзетшілер қамауына алынды.

Прокуратура экс-президентке автобөлшектер өндіретін, өзі ірі құрылтайшысы болып табылатын DAS компаниясының ақша қаражатын қымқырды, сондай-ақ Samsung Electronics компаниясынан пара алды деген күдік келтіріп, үстінен іс қозғаған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button