АҚШ шегірткені әскери мақсатқа пайдаланбақшы
ВАШИНГТОН. 19 ақпан. Америка зерттеушілері шегірткеден армияға қызмет ететін «киборг» жасауға әрекет етіп жатыр. Бұл туралы «New Scientist» журналына сілтеме жасаған «News.ru» сайты хабарлады.
Құрама Штаттарда шегірткені әскери мақсатта пайдаланудың жолдары қарастырылуда.
Жобаны жасау тапсырысын АҚШ Әскери-теңіз күштері берген. Оның сөресі 2016 жылы басталған. Зерттеуге қазірге дейін 750 млн доллар құйылып қойылған.
«Мәселе мынада, шегірткенің мұртшаларындағы рецепторға түскен химиялық заттарға, шыбын-шіркейлер миларының иіс сезу үлестеріне байланысты әртүрлі нейрондар қоза бастайды. Соларға қарап тұрып, шыбын-шіркейдің рецепторлары жарылғыш заттың молекуласын тапқан-таппағандарын аңғаруға болады», – деп түсіндіреді мұны басылым.
Ал шегірткелердің өз алдарына қойылған мақсаттарын орындай алулары үшін олардың жүйкелерінің шегін электродтармен байланыстыру ұсынылып отыр. Сол кезде олар өздері жіберілген жерлерде жарылғыш немесе басқа химиялық заттардың бар-жоғын секунд мөлшерінде анықтап, арнайы передатчик-декодердің көмегімен электродтар арқылы операторға сигнал береді.
Әзірге шыбын-шіркейден алынған ақпарды есептеп шығару көбірек қиындық туғызып тұр. Осы проблеманы шешіп алса, зерттеушілер шегірткені практикалық міндеттерді шешу үшін экспермент ретінде пайдалануға кірісе алады.