Кадыров ауру: кеселі күшті. Сол себепті жолдама тыңдауға келе алмаған
ГРОЗНЫЙ. 4 наурыз. РФ-ның Шешенстан республикасының лидері Рамзан Кадыровтың ауру және кеселі өте қауіпті екені жайлы қауесет тарап жатыр. Бұл туралы немістің Bild басылымының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Германияның белді бұқаралық ақпарат құралдарының бәрінде кешелі бері осындай ақпар жариялана бастады. «Неміс толқыны» радиосы Шешенстан басшысының біраздан бері дімкәс екенін, бірақ сырқаты енді ғана шындап сыр беруге айналғанын жазады. Науқасының диагнозы да белгілі, оның екі бүйрегі бірдей қазір күшті әсер етуші препараттардың көмегімен ғана жұмыс істеп тұрған көрінеді.
Осы жайында тарқатып жазған Bild басылымы Рамзан Ахматұлының ахуалы күннен күнге нашарлап келе жатқанын да мәлім етті. Бұған қатысты деректер журналдың «Wie krank ist Putins Bluthund?» («Путин тыңшысының ауруы қаншалықты ауыр?») деп аталған мақаласында кеңінен берілген.
«Путинге өз еркімен тыңшы болып алған Кадыров, шамасы, қазір өзін оншалықты жақсы сезіне қоймайтын сияқты. Оның психикалық жағдайының қандай екенін бұрыннан мәлім болса, денінің саулығы жағынан да жоғары еместігі анықталып келе жатыр», – деп жазады авторлар.
Журналистер сондай-ақ Кадыровтың соңғы айларда шамадан тыс толысып кеткеніне және тым кірпияз, кінәмшіл болып алғанына назар аударуда.
Басылым сонымен бірге Рамзан Кадыровтың ем алу үшін Грозныйдан Әбу-Дабиге (БАӘ) ұшып кеткенін, онда тәжірибелі нефролог дәрігер Ясин Ибрагим Әл-Шахатқа көрінетінін баяндаған.
«Деспот тап сондықтан Путиннің 21 ақпанда Мәскеуде Федералды жиналыс алдында сөйлеген сөзіне байланысты жиынға қатыса алмаған», – деген түйін шығарады авторлар.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады