Жау Бахмутты қоршауға алу үшін 5 бағытта шабуыл жасап жатыр
КИЕВ. 4 наурыз. Ресей әскерлері Донецк облысындағы Бахмут қаласын басып алу үшін оған бес бағыттан шабуыл жасауға шешім қабылдады. Бұл туралы «Украинская правдаға» сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Ресейлік оккупанттар 3 наурызда күні бойы 30 авиация және 6 ракета соққысын берді, сондай-ақ реактивті дүркін отты жүйеден 20-дан астам рет атқылады.
Украина Бас штабындағылар басқыншылардың негізінен Купрянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка және Шахтерск бағыттарында шабуыл қимылдарын жасап жатқандарын атап көрсетті.
«Жау Купрянск және Лиман бағыттарында Луганск облысының Белогоровка және Донецк облысының Спирное елді мекендері аудандарында сәтсіз ұрыс қимылдарын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожиннің Бахмутты қоршауға алдық дегені әдеттегідей оның көп өтірігінің бірі болып шықты.
Дегенмен, басқыншылар Бахмут бағытында қаланы қоршауға алудан әлі үміттерін үзген жоқ. Өткен тәулікте украинның қайсар қорғаушылары Донецк облысының Васюковка, Дубово-Васильевка және Бахмут елді мекендері маңында жаудың көптеген шабуылдарын қайтарды.
Ресейліктер Авдеевка мен Шахтерск бағыттарында да нәтижесіз шабуылдар жасады. Олар украин әскерлерінің Красногоровка, Каменка, Авдеевка, Марьинка және Победа елді мекендері маңында орналасқан позицияларына берекесіз шабуыл жасады.
Ал Запорожье және Херсон бағыттарында жау қорғанып соғысып жатыр.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады