АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қытайда вирус салдарынан ақша жойылып жатыр

МӘСКЕУ. 18 ақпан. Қытай билігі коронавирус тұмау дерті көбірек тараған аудандардан жиналған ақшалардың бір бөлігін жойып жіберу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Бірақ юань купюраларының қанша бөлігі отқа өртенетіні жайында дерек жоқ.

Сонымен бірге, бұл банконттардың ауруханалардан, автобустардан және инфекция тарауы ықтимал басқа да жерлерде жиналғаны белгілі болып отыр. Олар Гуанчжоу қаласында құртылады.

Қытай Орталық банкі сондай-ақ ауру тараған аудандардағы коммерциялық кредит ұйымдардың ақшаларын бөлек сақтауға жарлық шығарды. Жойылып жіберілуге жатпайтын банкноттар дезинфикция жасалады. Ақшаларды ультрафиолетпен өңдеу және оларды қайта айналымға жіберер алдында екі апта карантинде ұстау жоспарланып отыр.

Соңы өлімге апарып соқтыратын коронамирус тұмауы бірінші рет 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдың орталық бөлігіндегі Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тіркелген еді. Биылғы 17 ақпандағы дерек бойынша, онымен ауырғандар саны 58,1 мыңға жетті, бұлардың арасынан 1775 адам қайтыс болды, тағы 6639 адам сауығып шықты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button