ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Өзбекстан халқының саны 34 миллионнан асты
ТАШКЕНТ. 18 ақпан. Өзбекстанда тұратын тұрақты халық саны бүгін 34 002 410 адамды құрады. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Өзбекстан мемлекеттік статистикасы баспасөз қызметінің жетекшісі Усмон Абдурасулов өзінің Telegram-арнасында бұлардың 17 093 012-сі ерлер, 16 909 398-і әйелдер екенін атап көрсетті. Ал 2020 жылғы 1 қаңтарда өзбекстандықтардың саны 33 905 799 адам болған еді.
Статистика жөніндегі мемлекеттік комтеттің мәліметінше, жылдың басынан бері елді 127,3 мың адам дүниеге келіп, 29,1 мың адам қайтыс болған. Осы аралықта респубикаға 23,6 мың адам келіп, 24,7 мың адам сыртқа кеткен.