АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Украин әскерлері Водяноеда ресейліктер колоннасын жойып жіберді

КИЕВ. 25 қаңтар. Украина армиясы Донецк облысындағы Водяное селосында жаудың шабуылдаушы колоннасын өртке орады, солдаттар мен танкілер жайрап қалды. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

Ресей армиясының ауыр бронетехникалармен Украина Қарулы күштері позицияларына шабуыл жасамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды.

Басылымның жазуынша, Украина Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскерлері Донецк облысындағы украин позицияларына соққы бермекші болған Ресей әскери бөлімшелерінің тас-талқанын шығарған. Шабуылға шығар алдында оккупанттар Водяное ауданы тұсында өзенге қалқыма көпір салуға әрекет жасаған. Алайда, украин жағы оны байқаған бойда атқылап, жойып жіберген.

Бірақ мұның өзі ресейліктердің өрекпіген екпінін баса алмаған. Олар бұдан кейін жорық жосынына ауыр бронетехникалар колоннасын тізбектеп салады. Дегенмен, колонна қозғалысын Украина Қарулы күштерінің аэробарлаушылары бірден байқап қалады. Осыдан соң ресейлік әскерилер қолдарында бар қарулар түрлерінен украин позицияларын алыстан атқылай бастайды. Сол кезде украин сарбаздары артиллерияны, танкіге қарсы «Стигна-П» ракета кешені мен «МТ-12 Рапира» пушкасын іске қосады.

Соңынан Белинский атындағы 36-шы теңіз пияда бригадасының жауынгерлері оккупанттардың қалай күл-парша болып талқандалғаны түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшаларында жариялады. Онда Ресейдің өртенген техникалары мен өлген әскерилері денелерінің жол жиегінде айра-жайра болып, бей-берекет шашылып жатқандары айқын көрінеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button